Құжат мәтініне өту

О ратификации Второго протокола о внесении изменений в Соглашение о льготных условиях поставок специальной техники и специальных средств для оснащения правоохранительных органов и специальных служб государств-членов Организации Договора о коллективной безопасности от 6 октября 2007 года

Заң · № 428 · қабылданған 30.11.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2007-ekb-99233/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Второго протокола о внесении изменений в Соглашение о льготных условиях поставок специальной техники и специальных средств для оснащения правоохранительных органов и специальных служб государств-членов Организации Договора о коллективной безопасности от 6 октября 2007 года Қолданыста Заң ·№ 428 ·30.11.2015
30.11.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Второго протокола о внесении изменений в Соглашение о льготных условиях поставок специальной техники и специальных средств для оснащения правоохранительных органов и специальных служб государств-членов Организации Договора о коллективной безопасности от 6 октября 2007 года

Қолданыста Заң ·№ 428 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Второго протокола о внесении изменений в Соглашение о льготных условиях поставок специальной техники и специальных средств для оснащения правоохранительных органов и специальных служб государств-членов Организации Договора о коллективной безопасности от 6 октября 2007 года
Атауы (қаз.)
2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
428
Қабылданған күні
30.11.2015
Көрсетілген редакция
30.11.2015 AI99233_0.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1500000428
ЭКБ идентификаторы
99233
Редакция идентификаторы
AI99233_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:20

0 2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы

2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда Мәскеуде жасалған екінші хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
екінші хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер,
Тараптардың құтқару бөлімшелерін жарақтандыру үшін жеткізудің жеңілдікті шарттарын жасауға мүдделілікті ескере отырып,
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің төтенше жағдайларға ұжымдық ден қою жүйесін дамытудың негізгі бағыттары туралы» 2012 жылғы 19 желтоқсандағы шешімін негізге ала отырып,
2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 15-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Келісімнің 1-бабына мына өзгерістер енгізілсін:
1) үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«арнайы қызметтер - Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес барлау, қарсы барлау қызметін жүзеге асыруға; мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында функцияларды жүзеге асыруға; төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша міндеттерді шешуге арналған мемлекеттік органдар;»;
2) төртінші абзац «жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің техникалық құралдары,» деген сөздерден кейін «авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған құралдар,» деген сөздермен толықтырылсын.

2 2-бап

Осы Хаттама Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
2014 жылғы 23 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа дана Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманың орыс тіліндегі нұсқасы қазақ тіліне аударылған нұсқасымен сай келетінін растаймын.

Қолданыстағы