Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 июля 2007 года № 574 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по производству землеустроительных, топографо-геодезических и картографических работ"

Қаулы · № 121 · қабылданған 19.01.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2007-no-574/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 июля 2007 года № 574 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по производству землеустроительных, топографо-геодезических и картографических работ" Күшін жойған Қаулы ·№ 121 ·19.01.2012
21.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 июля 2007 года № 574 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по производству землеустроительных, топографо-геодезических и картографических работ"

Күшін жойған Қаулы ·№ 121 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 июля 2007 года № 574 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по производству землеустроительных, топографо-геодезических и картографических работ"
Атауы (қаз.)
"Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 574 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
121
Қабылданған күні
19.01.2012
Көрсетілген редакция
21.11.2012 AI62995_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000121
ЭКБ идентификаторы
62995
Редакция идентификаторы
AI62995_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:19

0 "Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 574 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 574қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 272-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы";
1-тармақта:

1 1) тармақша алынып тасталсын;

2 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

2 "2) геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

0 Геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 121 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 6 шілдедегі
№ 574 қаулысымен
бекітілген
Геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары

1 1. Геодезиялық жұмыстарды жүргізуге байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары:

1 1) заңды тұлғалар үшін:

штатында геодезия саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір маманның;
штатында картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір маманның;

2 2) жеке тұлғалар үшін:

геодезия саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің және осы салада кемінде үш жыл өтілінің;
картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің және осы салада кемінде үш жыл өтілінің болуын қамтиды;

3 3) геодезиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін аспаптардың, жабдықтар мен құрал-саймандардың меншікті немесе жалға алынған жиынтығының не зауыттық нөмірлерін көрсете отырып аспаптардың, жабдықтардың, құрал-саймандардың жиынтығы бар ұйыммен қызмет көрсетуге арналған шарттың;

4 4) деректерді өңдеу үшін меншікті немесе жалға алынған бағдарламалық кешендердің не бағдарламалық қамтамасыз етілуі бар ұйыммен қызметтер көрсетуге арналған шарттың;

5 5) Қазақстан Республикасының аумағында өлшем құралдары болып табылатын аспаптар мен құрал-саймандарды тексеру туралы сертификаттардың;

6 6) өлшемдер құралдарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген және Қазақстан Республикасында қолдануға жіберілген аспаптардың, жабдықтар сертификаттарының болуын қамтиды.

2 2. Картографиялық жұмыстарды жүргізуге байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары:

1 1) заңды тұлғалар үшін: штатында картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл өтілі бар кемінде екі маманның;

2 2) жеке тұлғалар үшін:

картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;

3 3) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін аспаптардың, жабдықтар мен құрал-саймандардың меншікті немесе жалға алынған жиынтығының не зауыттық нөмірлерін көрсете отырып аспаптардың, жабдықтардың, құрал-саймандардың жиынтығы бар ұйыммен қызмет көрсетуге арналған шарттың;

Қолданыстағы