Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления сведений о товарах, освобождаемых от уплаты таможенных пошлин и налогов в рамках Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Французской Республики об условиях создания и использования космической системы дистанционного зондирования Земли и сборочно-испытательного комплекса космических аппаратов от 6 октября 2009 года

Қаулы · № 1089 · қабылданған 27.08.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 01.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2009-ekb-67304/on/2026-09-01/
Басып шығарылды 2026-09-01 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления сведений о товарах, освобождаемых от уплаты таможенных пошлин и налогов в рамках Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Французской Республики об условиях создания и использования космической системы дистанционного зондирования Земли и сборочно-испытательного комплекса космических аппаратов от 6 октября 2009 года Қолданыста Қаулы ·№ 1089 ·27.08.2012
27.08.2012 редакциясы
01.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления сведений о товарах, освобождаемых от уплаты таможенных пошлин и налогов в рамках Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Французской Республики об условиях создания и использования космической системы дистанционного зондирования Земли и сборочно-испытательного комплекса космических аппаратов от 6 октября 2009 года

Қолданыста Қаулы ·№ 1089 · 01.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления сведений о товарах, освобождаемых от уплаты таможенных пошлин и налогов в рамках Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Французской Республики об условиях создания и использования космической системы дистанционного зондирования Земли и сборочно-испытательного комплекса космических аппаратов от 6 октября 2009 года
Атауы (қаз.)
2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1089
Қабылданған күні
27.08.2012
Көрсетілген редакция
27.08.2012 AI67304_0.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001089
ЭКБ идентификаторы
67304
Редакция идентификаторы
AI67304_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:28

0

2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 27 тамыздағы
№ 1089 қаулысымен
бекітілген
2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары

1

1. 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісімінің (бұдан әрі – Келісім) 9-бабына сәйкес әзірленді.
Осы Қағидалар Қазақстан тарапының уәкілетті органы – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің (бұдан әрі – Қазғарыш) Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органына (бұдан әрі – уәкілетті орган) Келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босату мақсатында Кеден одағына мүше-мемлекеттер болып табылмайтын елдерден Кеден одағының кедендік аумағының бөлігіне (Қазақстан Республикасының аумағына) әкелуі немесе Кеден одағының кеден аумағының бөлігінен (Қазақстан Республикасының аумағынан) Кеден одағына мүше-мемлекеттер болып табылмайтын елдерге әкету жоспарланған тауалар (бұдан әрі – Тауарлар) туралы қажетті мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.

2 2. Қазғарыш Тауарларды әкелу немесе әкету көзделген күнге дейін 35 күннен кешіктірмей өтінішті және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мәліметтерді уәкілетті органға жолдайды.

Өтініш еркін нысанда жасалады, онда Тауарларды әкелуді немесе әкетуді жоспарлаған ұйым туралы мәліметтер, Тауарларды пайдалану мақсаттары, Тауарларға қолданылатын кедендік рәсімі көрсетіледі.

3 3. Тауарлар туралы мәліметтерді растау үшін өтінішке мынадай құжаттар:

1 1) Тауарлардың тізбесін қамтитын нотариалды куәландырылған сыртқы сауда келісімшарты;

2 2) оның негізінде Тауарларды жіктеу туралы шешім қабылданатын құжаттар (функцияларын, мүмкін болған жағдайда, схемасын, өндірушілердің каталогтарын қөрсетумен техникалық сипаттама) қоса беріледі.

4

4. Қазғарыш уәкілетті органға келісуге тауарларды әкелуді немесе әкетуді жүзеге асыруды жоспарлаған Тараптардың ынтымақтасушы ұйымдары, бірлескен кәсіпорын, сондай-ақ ынтымақтасушы ұйымдармен немесе бірлескен кәсіпорынмен келісімшарттары бар орындаушы ұйымдар (бұдан әрі – өтініш беруші) ұсынған өтінімдердің негізінде Тауарлар туралы мәліметтерді жолдайды.
Өтінім Қазғарышқа Тауарларды әкелу немесе әкету көзделген күнге дейін күнтізбелік 40 күннен кешіктірмей ұсынылады және осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарына сәйкес онда Тауарлар туралы мәліметтер болуы тиіс.

5 5. Уәкілетті орган Қазғарыш ұсынған Тауарлар туралы мәліметтер мен құжаттарды Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай Тауарлық номенклатурасы Тауарларының кодтарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазғарышқа қабылданған шешім туралы хабарламаны және Қазғарыштың өтінішін алған сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде өтініш берушіге шешімнің түпнұсқасын жолдайды.

6 6. Мынадай себептер:

1 1) Тауарлар туралы мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздігі;

2 2) Келісімнің шеңберінен тыс мәлімделген Тауарларды әкелу немесе әкету;

3 3) Тауарлар туралы толық емес немесе күмәнді мәліметтер ұсыну;

4 4) осы Қағидаларда белгіленген Тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну мерзімдерін бұзу келісуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

Тауарлар туралы мәліметтерді келісуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы Қазғарышқа Тауарлар туралы мәліметтер алған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей хабарлайды.

7 7. Уәкілетті орган Тауарлар туралы мәліметті әкелінетін немесе әкетілетін Тауарларды кедендік тазалау және бақылау жүргізілетін аумақтық бөлімшелерге Қазғарыш ұсынған Тауарлар туралы мәліметтер келісілген күннен бастап 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынады.

17 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтер

2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы
Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш
аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және
пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде
кедендік баждар мен салықтарды төлеуден
босатылатын тауарлар туралы мәліметтерді
ұсыну қағидаларына қосымша
2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтер
Өті­ніш бе­ру­ші­нің/ де­кла­ра­ция тол­ты­ру­шы­ның аты, заң­ды және нақ­ты ме­кен­жайы, бай­ла­ныс жа­сай­тын адам
Ке­лі­сім­шар­ттың, ерекше­лік­тер­дің, қо­сым­ша­лар­дың (та­у­ар­лар ті­зі­мі кі­ре­тін) № және кү­ні
Жиын­тық­та­у­шы та­у­ар­лар­дың/ жаб­дық­тар­дың ата­уы
Жиын­тық­та­у­шы та­у­ар­лар­дың/ жаб­дық­тар­дың са­ны
Жет­кі­зу жү­зе­ге асы­ры­ла­тын мер­зі­мі
Та­у­ар­лар­ға ке­ден­дік та­за­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ке­ден ор­ган­да­ры­ның ата­уы
1
2
3
4
5
6

Қолданыстағы