О внесении изменений в решение от 6 февраля 2009 года № 1 «О наименовании улиц населенных пунктов Тасуткельского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение от 6 февраля 2009 года № 1 «О наименовании улиц населенных пунктов Тасуткельского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- «Тасөткел селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы» 2009 жылғы 6 ақпандағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 27.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2015 90330_13459.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CLL04331
- ЭКБ идентификаторы
- 90330
- Редакция идентификаторы
- 90330_13459
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:18
0 «Тасөткел селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы» 2009 жылғы 6 ақпандағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Тасөткел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Тасөткел ауылдық округі әкімінің «Тасөткел селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауларын беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-83 тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпанда аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) 2009 жылғы 6 ақпандағы № 1 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі деректемелері, атауы және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөзі тиісінше, «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.
мемлекеттік тілдегі шешімнің кіріспе бөлігіндегі «, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс Тұжырымдамасының 3.2. тармағына және Ақтөбе облысы әкімінің 2007 жылғы 24 шілдедегі N 255 «Мекенжай Тіркеліміне тіркеу туралы тәртібі және мекенжай құрылымы жөніндегі Ереже бекіту туралы» қаулысына» сөздері алынып тасталсын.