О внесении изменения в решение акима Тасуткельского сельского округа от 6 февраля 2009 года № 1 «Тасөткел ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Тасуткельского сельского округа от 6 февраля 2009 года № 1 «Тасөткел ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы»
- Атауы (қаз.)
- Тасөткел ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 1 «Тасөткел ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 28.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 28.11.2017 116919_266798.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CLL05738
- ЭКБ идентификаторы
- 116919
- Редакция идентификаторы
- 116919_266798
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:07
0 Тасөткел ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 1 «Тасөткел ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Тасөткел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Тасөткел ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2009 жылғы 6 ақпандағы № 1 «Тасөткел ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-83 тіркелген, 2009 жылы 12 ақпанда аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Тасөткел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».