О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 августа 2009 года № 1202 "Об утверждении Правил предоставления инновационных грантов и представления отчетов о мерах, принятых по внедрению объектов интеллектуальной собственности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 августа 2009 года № 1202 "Об утверждении Правил предоставления инновационных грантов и представления отчетов о мерах, принятых по внедрению объектов интеллектуальной собственности"
- Атауы (қаз.)
- "Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1098
- Қабылданған күні
- 27.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 09.08.2012 AI60601_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001098
- ЭКБ идентификаторы
- 60601
- Редакция идентификаторы
- AI60601_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:33
0 "Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 35, 338-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесінде:
9-тармақта:
12) тармақшадағы «(мәліметтер).» деген сөз «(мәліметтер);» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) «Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушылары «Өнімділік 2020» бағдарламасы операторының оң сараптамалық бағалауының көшірмесін ұсынады.»;
22-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Грант берушінің сенімгер уәкілге инновациялық грант қаражатын аударуы үшін инновациялық грант туралы шарт негіздеме болып табылады.».