О внесении изменений в решение акима Булакского сельского округа от 6 августа 2009 года № 2 «О присвоении наименований улицам села Жылымды, села Карлыколь, села Жанааул, станции Карагай»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Булакского сельского округа от 6 августа 2009 года № 2 «О присвоении наименований улицам села Жылымды, села Карлыколь, села Жанааул, станции Карагай»
- Атауы (қаз.)
- Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 2 «Жылымды селосының, Қарлыкөл селосының, Жанааул селосының, Қарағай станциясының көшелеріне атаулар беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 02.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 02.05.2017 112553_189409.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BND05970
- ЭКБ идентификаторы
- 112553
- Редакция идентификаторы
- 112553_189409
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:12
0 Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 2 «Жылымды селосының, Қарлыкөл селосының, Жанааул селосының, Қарағай станциясының көшелеріне атаулар беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Бұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Бұлақ ауылдық округі әкімінің «Жылымды селосының, Қарлыкөл селосының, Жанааул селосының, Қарағай станциясының көшелеріне атаулар беру туралы» 2009 жылғы 6 тамыздағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-114 болып тіркелген, «Бірлік-Единство» газетінде 2009 жылдың 22 қыркүйегінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Жылымды ауылы, Қарлыкөл ауылы, Жанаауыл ауылы, Қарағай станциясы халқының пікірін ескере отырып, Бұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селосының», «селосы» сөздері «ауылының», «ауылы» сөздерімен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Зеренді ауданының
«Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
________________ А. Балтағарин
2017 жылғы «02» 05
Зеренді ауданының
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
________________ Е. Шәкіржанов
2017 жылғы «02» 05