Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 6 ноября 2009 года № 257/39-IV«О Правилах присвоения звания «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы»

Ереже · № 46/5-VIII · қабылданған 30.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2009-no-25739-iv/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 6 ноября 2009 года № 257/39-IV«О Правилах присвоения звания «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы» Қолданыста Ереже ·№ 46/5-VIII ·30.06.2023
30.06.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 6 ноября 2009 года № 257/39-IV«О Правилах присвоения звания «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы»

Қолданыста Ереже ·№ 46/5-VIII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 6 ноября 2009 года № 257/39-IV«О Правилах присвоения звания «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы»
Атауы (қаз.)
«Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы» атағын беру Қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 257/39-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
46/5-VIII
Қабылданған күні
30.06.2023
Көрсетілген редакция
30.06.2023 184060_647710.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23AAZ13470
ЭКБ идентификаторы
184060
Редакция идентификаторы
184060_647710
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:06

0 «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы»

атағын беру Қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының
2009 жылғы 6 қарашадағы № 257/39-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы» атағын беру Қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 257/39-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 606 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру Қағидасы туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берілген «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру Қағидасы бекітілсін.»;
көрсетілген шешімге қосымшада оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
«Астана қаласы
мәслихатының
2009 жылғы 6 қарашадағы
№ 257/39-IV шешімімен
бекітілген»;
қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру Қағидасы»;
қосымшаның 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру тәртібін реттейді.»;
қосымшаның 2-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Астана қаласының құрметті азаматы» атағы (бұдан әрі – Атақ):»;
қосымшаның 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Атақ Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік азаматтарға беріледі. Атақ Астана қаласының аумағында тұрмайтын адамдарға берілуі мүмкін.»;
қосымшаның 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Өтінімді Астана қаласының әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау және «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды.»;
қосымшаның 9-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Комиссия төмендегі шешімдердің біреуін қабылдай алады: өтінімді қанағаттандырады және Астана қаласының әкіміне Атақ беру туралы ұсыным енгізу үшін қалалық мәслихатқа ұсыныс жасайды; өтінімнен бас тартады; өтінімді материалдарды қайта ресімдеу үшін қайтарып бере алады.»;
қосымшаның 10-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Атақты Астана қаласы әкімінің ұсынысы бойынша қалалық мәслихат береді.»;
қосымшаның 12-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«12. Атаққа лайықты адамға Астана қаласының әкімі салтанатты жағдайда Диплом, «Астана қаласының құрметті азаматы» құрметті азаматының Алқасы мен Куәлігін береді.»;
қосымшаның 13-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Құрметті азаматтардың аты-жөні хронологиялық тәртіппен Астана қаласының Құрмет кітабына енгізіледі, ол қалалық мәслихатта тұрақты сақталады. Қоғамдастықтың ұсынысы бойынша олардың аты-жөндері Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен қала көшелеріне берілуі мүмкін.».

2 2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы