О внесении изменений в приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 6 августа 2009 года № 331 "Об утверждении Правил ведения кассовых операций, определения лимита остатка наличных денег в кассах и на текущем счете государственных учреждений"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 6 августа 2009 года № 331 "Об утверждении Правил ведения кассовых операций, определения лимита остатка наличных денег в кассах и на текущем счете государственных учреждений"
- Атауы (қаз.)
- "Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және ағымдағы шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 308
- Қабылданған күні
- 22.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 20.11.2015 AI66653_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007801
- ЭКБ идентификаторы
- 66653
- Редакция идентификаторы
- AI66653_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:57
0 "Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және ағымдағы шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және ағымдағы шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекiту туралы» Қазақстан Қаржы министрi міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5760 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында, № 10, 2009 жылы жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесiнде:
1-қосымшада:
113 «Өтемақы төлемдері» ерекшелігі бойынша:
6 «Шығындар тiзбесi» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Шұғыл қызметтегі әскери қызметшілерге әскери қызметтен босатылған кезде төленетін бір жолғы жәрдемақы және әскери қызметшілерге - шет мемлекеттердің әскери оқу орындарының түлектеріне сауықтыруға арналған жәрдемақы»;
159 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігі бойынша:
6 «Шығындар тiзбесi» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«- заңнамалық актілерге сәйкес мәдени, спорттық және басқа да iс шаралардың жеңiмпаздары мен қатысушыларына әр түрлi сыйақылар, жүлделер, естелiк сыйлықтар, ақшалай сыйақылар, жеке тұлғаларға басқа да ақшалай төлемдер төлеуге;
- бостандығын шектеу, қамау немесе бостандығынан айыру түрiнде жазасын өтеуден босатылатын тұлғалар үшiн тұратын жерiне дейiн жол жүру билеттерiн сатып алуға;
- мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң iссапар шығыстарынан басқа, сапарға шығу арқылы iс-шаралар (жол жүру, тұру, тамақтану) өткiзуге;
- бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлiктерiнiң өткiзетiн iс-шараларына қатысушылардың (республиканың түрлi аймақтары, жақын, алыс шет ел өкiлдерiнiң) жол жүру шығындарын өтеу бөлiгiндегi өкiлдiк шығыстармен;
- нотариалдық қызметтерге ақы төлеуге;
- қызметтiк автокөлiкке техникалық тексеру жүргiзуге және қызметтiк автокөлiкке мемлекеттiк нөмiрлер сатып алуға байланысты шығындар бойынша».