Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 6 августа 2009 года № 331 "Об утверждении Правил ведения кассовых операций, определения лимита остатка наличных денег в кассах и на текущем счете государственных учреждений"

Бұйрық · № 308 · қабылданған 22.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2009-no-331-ekb-66653/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 6 августа 2009 года № 331 "Об утверждении Правил ведения кассовых операций, определения лимита остатка наличных денег в кассах и на текущем счете государственных учреждений" Күшін жойған Бұйрық ·№ 308 ·22.06.2012
20.11.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 6 августа 2009 года № 331 "Об утверждении Правил ведения кассовых операций, определения лимита остатка наличных денег в кассах и на текущем счете государственных учреждений"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 308 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 6 августа 2009 года № 331 "Об утверждении Правил ведения кассовых операций, определения лимита остатка наличных денег в кассах и на текущем счете государственных учреждений"
Атауы (қаз.)
"Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және ағымдағы шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
308
Қабылданған күні
22.06.2012
Көрсетілген редакция
20.11.2015 AI66653_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007801
ЭКБ идентификаторы
66653
Редакция идентификаторы
AI66653_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:57

0 "Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және ағымдағы шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және ағымдағы шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекiту туралы» Қазақстан Қаржы министрi міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5760 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында, № 10, 2009 жылы жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесiнде:
1-қосымшада:
113 «Өтемақы төлемдері» ерекшелігі бойынша:
6 «Шығындар тiзбесi» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Шұғыл қызметтегі әскери қызметшілерге әскери қызметтен босатылған кезде төленетін бір жолғы жәрдемақы және әскери қызметшілерге - шет мемлекеттердің әскери оқу орындарының түлектеріне сауықтыруға арналған жәрдемақы»;
159 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігі бойынша:
6 «Шығындар тiзбесi» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«- заңнамалық актілерге сәйкес мәдени, спорттық және басқа да iс шаралардың жеңiмпаздары мен қатысушыларына әр түрлi сыйақылар, жүлделер, естелiк сыйлықтар, ақшалай сыйақылар, жеке тұлғаларға басқа да ақшалай төлемдер төлеуге;
- бостандығын шектеу, қамау немесе бостандығынан айыру түрiнде жазасын өтеуден босатылатын тұлғалар үшiн тұратын жерiне дейiн жол жүру билеттерiн сатып алуға;
- мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң iссапар шығыстарынан басқа, сапарға шығу арқылы iс-шаралар (жол жүру, тұру, тамақтану) өткiзуге;
- бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлiктерiнiң өткiзетiн iс-шараларына қатысушылардың (республиканың түрлi аймақтары, жақын, алыс шет ел өкiлдерiнiң) жол жүру шығындарын өтеу бөлiгiндегi өкiлдiк шығыстармен;
- нотариалдық қызметтерге ақы төлеуге;
- қызметтiк автокөлiкке техникалық тексеру жүргiзуге және қызметтiк автокөлiкке мемлекеттiк нөмiрлер сатып алуға байланысты шығындар бойынша».

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Р.Б. Бекетаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы