Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 6 мая 2010 года № 214 "Об утверждении Правил составления Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"

Бұйрық · № 103 · қабылданған 20.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2010-no-214/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 6 мая 2010 года № 214 "Об утверждении Правил составления Единой бюджетной классификации Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 103 ·20.02.2012
13.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 6 мая 2010 года № 214 "Об утверждении Правил составления Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 103 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 6 мая 2010 года № 214 "Об утверждении Правил составления Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
103
Қабылданған күні
20.02.2012
Көрсетілген редакция
13.03.2013 AI64055_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007459
ЭКБ идентификаторы
64055
Редакция идентификаторы
AI64055_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:01

0 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6265 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiнде:
25-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мазмұнына байланысты мыналарға:
мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету;
трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру;
бюджет кредиттерін беру;
бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру;
күрделі шығыстарды жүзеге асыру;
мемлекет міндеттемелерін орындау;
нысаналы салым салу.»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі әзірлейді және ол мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында бекітіледі.
Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатын жоспарлау көлемі, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді.»;
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«63. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары республикалық бюджет бекітілгеннен кейін пысықталады және Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бір апта мерзімде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы бекітеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттік бағдарламаларының жобалары пысықталады және тиісті жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін тиісті тексеру комиссиясының төрағасы бекітеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихат аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының жобалары тиісті жергілікті бюджет бекітілгеннен кейін пысықталады және ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін тиісті мәслихат хатшысы бекітеді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобалары тиісті жергілікті бюджет бекітілгеннен кейін пысықталады және ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органдары бекітеді.».

2 2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А.Н.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы