Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата от 6 апреля 2011 года № 209 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"

Қаулы · № 284 · қабылданған 08.05.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2011-no-209/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата от 6 апреля 2011 года № 209 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций" Күшін жойған Қаулы ·№ 284 ·08.05.2012
22.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата от 6 апреля 2011 года № 209 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"

Күшін жойған Қаулы ·№ 284 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата от 6 апреля 2011 года № 209 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"
Атауы (қаз.)
"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерге жұмыс орындарына квотасын белгілеу туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 209 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
284
Қабылданған күні
08.05.2012
Көрсетілген редакция
22.12.2015 66075_238962.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NN000176
ЭКБ идентификаторы
66075
Редакция идентификаторы
66075_238962
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:17

0 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерге жұмыс орындарына квотасын белгілеу туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 209 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына, "Пробация қызметі мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 15 ақпандағы Заңына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерге жұмыс орындарына квотасын белгілеу туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 209 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2011 жылғы 4 мамырда 9-14-149 нөмірімен тіркелген, "Арна" газетінде 2011 жылдың 13 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының атауы жаңа редакцияда шығарылсын: "Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерге жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда шығарылсын:
"1. Жұмыс орындар квотасы:
1) Қостанай ауданының жалпы жұмыс орындар санынан бір пайыз көлемінде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар;
2) интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін белгіленсін.".
Көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда шығарылсын:
"2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, квотаға сәйкес жұмыс орындарға орналастыру үшін, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.".

2. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы