О внесении изменений в постановление акимата города Талдыкорган от 6 февраля 2012 года N 3-85 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций по городу Талдыкорган"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Талдыкорган от 6 февраля 2012 года N 3-85 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций по городу Талдыкорган"
- Атауы (қаз.)
- Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 ақпандағы "Талдықорған қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 3-85 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 38-1215
- Қабылданған күні
- 05.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2016 69275_324946.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12DA002245
- ЭКБ идентификаторы
- 69275
- Редакция идентификаторы
- 69275_324946
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:39
0 Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 ақпандағы "Талдықорған қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 3-85 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 ақпандағы "Талдықорған қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 22 ақпандағы тіркелген нөмірі N 2-1-155, "Талдықорған" газетінің 2012 жылғы 8 наурыздағы 10-нөмірінде жарияланған) N 3-85 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының атауы келесі редакцияда баяндалсын:
"Талдықорған қаласы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы".
аталған қаулының 1-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
"1. Талдықорған қаласы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш процент мөлшерінде жұмыс орындарынан квота белгіленсін".
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ::
"Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
Мұхаметжан Ш.Б
05 желтоқсан 2012 жыл