О внесении изменения в решение районного маслихата от 6 июня 2012 года № 4-3 "О предоставлении в 2012 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Магжана Жумабаева"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение районного маслихата от 6 июня 2012 года № 4-3 "О предоставлении в 2012 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Магжана Жумабаева"
- Атауы (қаз.)
- "Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 6 маусымдағы № 4-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5-4
- Қабылданған күні
- 06.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 06.08.2012 AI67350_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12SI000165
- ЭКБ идентификаторы
- 67350
- Редакция идентификаторы
- AI67350_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:39
0
"Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 6 маусымдағы № 4-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. «Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 6 маусымдағы № 4-3 шешіміне (2012 жылғы 19 маусымдағы № 13-9-158 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2012 жылғы 29 маусымдағы № 26 «Вести», «Мағжан жұлдызы» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
нұсқалған шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Аудан әкімімен айтылған қажеттілікті есепке ала отырып, Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринарлық пункттердің ветеринарлық мамандарына ұсынылсын:
1) өтініш берген кезеңіне жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) өтініш берген кезеңіне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметік қолдау.»
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының
ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Смағұлов Р.Н.