Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Национального космического агентства Республики Казахстан от 6 апреля 2012 года № 41/нқ «Об утверждении Положения об Отряде космонавтов Республики Казахстан»

Бұйрық · № 18/НҚ · қабылданған 28.03.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2012-no-41/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Национального космического агентства Республики Казахстан от 6 апреля 2012 года № 41/нқ «Об утверждении Положения об Отряде космонавтов Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 18/НҚ ·28.03.2019
28.03.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Национального космического агентства Республики Казахстан от 6 апреля 2012 года № 41/нқ «Об утверждении Положения об Отряде космонавтов Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 18/НҚ · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Национального космического агентства Республики Казахстан от 6 апреля 2012 года № 41/нқ «Об утверждении Положения об Отряде космонавтов Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 41/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18/НҚ
Қабылданған күні
28.03.2019
Көрсетілген редакция
28.03.2019 130293_398029.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018465
ЭКБ идентификаторы
130293
Редакция идентификаторы
130293_398029
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:39

0 «Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 41/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 41/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7575 болып тіркелген, 2012 жылғы 30 маусымда «Егемен Қазақстан» № 360-364 (27438) газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережеде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағының
құрылымы»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Ғарышкерлер жасағының құрылымы:
1) Ғарышкерлер жасағының бастығынан;
2) Ғарышкерлер жасағы бастығының орынбасарынан;
3) нұсқаушы ғарышкерден;
4) сынаушы ғарышкерден;
5) сынаушы ғарышкерден;
6) зерттеуші ғарышкерден тұрады.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Ғарышкерлер жасағының негізгі функциялары мен мақсаттары»;
13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ұшқыш басқаратын ғарыштық ұшу нәтижелері бойынша есептік құжаттамалар әзірлеуге, ұшу нәтижелері бойынша қорытындыларды, дәйектемелерді, бағалауларды, ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдауға, сондай-ақ ұшқыш басқаратын ғарыштық ұшуларда орындалған эксперименттер, зерттеулер және қолданбалы жұмыстар нәтижелерін талдауға қатысу;»;
13-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) борттық құжаттаманы эксперименттік жетілдіруіне қатысу;»;
13-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін мемлекеттік медициналық мекемелерде дәрігерлік-сараптау комиссиясының жыл сайынғы медициналық куәландыруды ұйымдастыру;».

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы