Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 6 марта 2012 года № 5С-2/4 "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2012 год"

Өзге акт · № 5С-10/3 · қабылданған 02.10.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2012-no-5-24-2012/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 6 марта 2012 года № 5С-2/4 "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2012 год" Қолданыста Өзге акт ·№ 5С-10/3 ·02.10.2012
01.03.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 6 марта 2012 года № 5С-2/4 "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2012 год"

Қолданыста Өзге акт ·№ 5С-10/3 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 6 марта 2012 года № 5С-2/4 "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2012 год"
Атауы (қаз.)
Жарқайың аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 наурыздағы № 5С-2/4 "2012 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5С-10/3
Қабылданған күні
02.10.2012
Көрсетілген редакция
01.03.2013 68216_191757.kaz
Соңғы өзгеріс
01.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12BL003475
ЭКБ идентификаторы
68216
Редакция идентификаторы
68216_191757
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:13

0

Жарқайың аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 наурыздағы № 5С-2/4 "2012 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Жарқайың аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 наурыздағы № 5С-2/4 «2012 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-163 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 наурызда «Целинное знамя» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«2012 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы»;
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2012 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Жарқайың ауданының әкімі Т.Хамитов

Қолданыстағы