Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 6 марта 2013 года № 12-109 «Об утверждении схемы зонирования земель и процентов повышения (понижения) базовых ставок земельного налога Зерендинского района»

Өзге акт · № 19-156 · қабылданған 16.02.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2013-no-12-109-ekb-119183/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 6 марта 2013 года № 12-109 «Об утверждении схемы зонирования земель и процентов повышения (понижения) базовых ставок земельного налога Зерендинского района» Күшін жойған Өзге акт ·№ 19-156 ·16.02.2018
19.11.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 6 марта 2013 года № 12-109 «Об утверждении схемы зонирования земель и процентов повышения (понижения) базовых ставок земельного налога Зерендинского района»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 19-156 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 6 марта 2013 года № 12-109 «Об утверждении схемы зонирования земель и процентов повышения (понижения) базовых ставок земельного налога Зерендинского района»
Атауы (қаз.)
Зеренді аудандық мәслихатының 2013 жылғы 6 наурыздағы № 12-109 «Зеренді ауданының жерлерін аймақтарға бөлу схемасын және жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19-156
Қабылданған күні
16.02.2018
Көрсетілген редакция
19.11.2021 119183_548022.kaz
Соңғы өзгеріс
19.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18BN006442
ЭКБ идентификаторы
119183
Редакция идентификаторы
119183_548022
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:45

0 Зеренді аудандық мәслихатының 2013 жылғы 6 наурыздағы № 12-109 «Зеренді ауданының жерлерін аймақтарға бөлу схемасын және жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8 бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510 бабына, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Зеренді аудандық мәслихатының «Зеренді ауданының жерлерін аймақтарға бөлу схемасын және жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздарын бекіту туралы» 2013 жылғы 6 наурыздағы № 12-109 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3702 тіркелген, 2013 жылғы 19 сәуірде «Зерделі–Зеренді», «Зерен» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Зеренді ауданының жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) туралы»;
кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
«2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8 бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510 бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«2. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес жер салығының мөлшерлемелері арттырылсын (азайтылсын).»;
көрсетілген шешімнің 3 қосымшасында:
«базалық» сөзі алып тасталсын;
«ставкаларының», «жоғарылату», «(төмендету)», «төмендету» сөздері «мөлшерлемелерінің», «арттыру», «(азайту)», «азайту» сөздеріне ауыстырылсын.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Зеренді ауданының әкімі
М. Мұстафин
2018 жылғы «16» ақпан
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министірлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Зеренді ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж. Шәймерденов
2018 жылғы «16» ақпан

Қолданыстағы