Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 6 мая 2013 года № 156 «Об утверждении Правил и сроков внесения в информационную систему правового кадастра идентификационных и технических сведений зданий, сооружений и (или) их составляющих на вновь созданное недвижимое имущество, проведения государственного технического обследования и Правил присвоения кадастрового номера первичным и вторичным объектам недвижимости»

Бұйрық · № 402 · қабылданған 19.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2013-no-156-ekb-133736/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 6 мая 2013 года № 156 «Об утверждении Правил и сроков внесения в информационную систему правового кадастра идентификационных и технических сведений зданий, сооружений и (или) их составляющих на вновь созданное недвижимое имущество, проведения государственного технического обследования и Правил присвоения кадастрового номера первичным и вторичным объектам недвижимости» Қолданыста Бұйрық ·№ 402 ·19.07.2019
19.07.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 6 мая 2013 года № 156 «Об утверждении Правил и сроков внесения в информационную систему правового кадастра идентификационных и технических сведений зданий, сооружений и (или) их составляющих на вновь созданное недвижимое имущество, проведения государственного технического обследования и Правил присвоения кадастрового номера первичным и вторичным объектам недвижимости»

Қолданыста Бұйрық ·№ 402 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 6 мая 2013 года № 156 «Об утверждении Правил и сроков внесения в информационную систему правового кадастра идентификационных и технических сведений зданий, сооружений и (или) их составляющих на вновь созданное недвижимое имущество, проведения государственного технического обследования и Правил присвоения кадастрового номера первичным и вторичным объектам недвижимости»
Атауы (қаз.)
«Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
402
Қабылданған күні
19.07.2019
Көрсетілген редакция
19.07.2019 133736_417047.kaz
Соңғы өзгеріс
19.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019115
ЭКБ идентификаторы
133736
Редакция идентификаторы
133736_417047
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:06

0

«Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8469 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 қазанда № 286 «Казахстанская правда» газетте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беру ережесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беру»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі орналасқан жер учаскесінің кадастрлық нөмірінен және осы жер учаскесінің шеңберінде қайталанбайтын бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірінен (кодынан) мынадай үлгіде құралады:
20:015:004:165:1.
мұндағы 20:015:004:165 - жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;
1 - жер учаскесіндегі бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірі (коды).
Бастапқы объекті үшін мысал, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, 199 көшесі, 36-үй, мынадай болып жазылады 21:320:135:0722:1
мұнда 21:320:135:0722 – жер учаскесінің кадастрлық нөмірі.
1 - негізгі құрылыстың реттік нөмірі.»
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беру»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі бастапқы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірінен және осы бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің шеңберінде қайталанбайтын кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірінен (кодынан) мына ретте құрылады:
20:015:004:165:1:25
мұндағы:
20:015:004:165:1 – бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің осы ереженің 14-тармағында белгіленген тәртіпте берілген кадастрлық нөміріне сәйкес бөлігі;
25 - кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірі.
Кейінгі объекті үшін мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, 199 көшесі, 36-үй, 106-пәтер, мынадай болып жазылады 21:320:135:0722:1:106
мұнда 21:320:135:0722 жер учаскесінің кадастрлық нөмірі.
1 - негізгі құрылыстың реттік нөмірі.
106 - кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірі.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне
уақытша кадастрлық нөмірлер беру»;

2 2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1 1) осы бұйрықтың мемлекеттiк тіркелуін;

2

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң жетекшiлiк ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы