Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 6 февраля 2013 года № 180 «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка на территории города Петропавловска»

Қаулы · № 236 · қабылданған 24.02.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2013-no-180/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 6 февраля 2013 года № 180 «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка на территории города Петропавловска» Қолданыста Қаулы ·№ 236 ·24.02.2020
24.02.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 6 февраля 2013 года № 180 «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка на территории города Петропавловска»

Қолданыста Қаулы ·№ 236 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 6 февраля 2013 года № 180 «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка на территории города Петропавловска»
Атауы (қаз.)
«Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 6 ақпандағы № 180 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
236
Қабылданған күні
24.02.2020
Көрсетілген редакция
24.02.2020 139976_446690.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20SA006074
ЭКБ идентификаторы
139976
Редакция идентификаторы
139976_446690
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:55

0 «Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 6 ақпандағы №180 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 - бабының 2 - тармағы 3) тармақшасына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1.«Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 6 ақпандағы №180 қаулысына (2013 жылғы 5 сәуірдегі «Проспект СК» және 2013 жылғы 29 наурыздағы «Қызылжар нұры» газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2212 болып тіркелеген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 3-тармағында «Т.Қ. Есжановқа» сөздері алынып тасталсын;
Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу Қағидасында (бұдан әрі - Қағидалар):
2-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

2 «2. Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы Ұсынысты (қолдау хат) Комиссиясының қарауын «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесі» (бұдан әрі - СҚО ПБ) енгізеді.»;

7-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

7 «7. Көтермелеулерді төлеуге қаражат облыстық бюджеттен, Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті 252 003 «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу» бюджеттік бағдарламасымен көзделеді.»;

бүкіл мәтін бойынша «СҚО ҚІІД» сөздері «СҚО ПБ» сөздеріне ауыстырылсын;
қазақ тіліндегі Қаулының және Қағидалардың бүкіл мәтіні бойынша «Қағидасы», «Қағида» сөздері «Қағидалары», «Қағидалар» сөздеріне ауыстырылсын;
Қаулы мен Қағидалардың орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылауын қала әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы