Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата города Жанаозен от 6 января 2014 года № 01 "Об организации общественных работ на 2014 год"

Қаулы · № 984 · қабылданған 02.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2014-no-01-2014/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата города Жанаозен от 6 января 2014 года № 01 "Об организации общественных работ на 2014 год" Қолданыста Қаулы ·№ 984 ·02.12.2014
02.12.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата города Жанаозен от 6 января 2014 года № 01 "Об организации общественных работ на 2014 год"

Қолданыста Қаулы ·№ 984 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата города Жанаозен от 6 января 2014 года № 01 "Об организации общественных работ на 2014 год"
Атауы (қаз.)
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 01 «2014 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
984
Қабылданған күні
02.12.2014
Көрсетілген редакция
02.12.2014 85557_256398.kaz
Соңғы өзгеріс
02.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14MB002562
ЭКБ идентификаторы
85557
Редакция идентификаторы
85557_256398
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:44

0 Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 01 «2014 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 01 «2014 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2351 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 қаңтардағы «Жаңаөзен» газетінің №1 (1656) санында жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
қаулының 5 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
Қаулының қазақ тіліндегі мәтіннің 5 тармағына өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
көрсетілген қаулымен бекітілген «2014 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс» қосымшада:
реттік нөмірі 79 жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
79
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жаңаөзен қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі
Шабарман
Айына 150 дейін құжаттарды жеткізу
Ең төменгі айлық жалақының 1,5 мөлшері
Жергілікті бюджет
5
5
».

2 2. «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары И. Сағынбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Э.Маркашова
02 желтоқсан 2014 ж.

Қолданыстағы