О признании утратившим силу постановления акимата города Астаны от 6 февраля 2014 года № 113-160 «Об утверждении Правил приема имущества в коммунальную собственность города Астаны, построенного за счет бюджетных средств, и дальнейшее его использование»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу постановления акимата города Астаны от 6 февраля 2014 года № 113-160 «Об утверждении Правил приема имущества в коммунальную собственность города Астаны, построенного за счет бюджетных средств, и дальнейшее его использование»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 ақпандағы № 113-160 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 501-1338
- Қабылданған күні
- 08.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 08.07.2020 144659_471654.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20A0001279
- ЭКБ идентификаторы
- 144659
- Редакция идентификаторы
- 144659_471654
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:38
0 «Астана қаласының коммуналдық
меншігіне бюджет қаражаты
есебінен салынған мүлікті қабылдау
және оны әрі қарай пайдалану
қағидасын бекіту туралы»
Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 6 ақпандағы
№ 113-160 қаулысының күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына, «Астана қаласы мәслихатының Астана қаласының аумағында құрылыс салу мәселелері жөніндегі кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69/11-VI шешіміне (Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қарашада № 1078 болып тіркелген), «Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласын басқару тәсімі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 232/26-VI шешімін іске асыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 114-73 қаулысына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Астана қаласының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 ақпандағы № 113-160 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 802 болып тіркелген, «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде 2014 жылғы 13 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2
2. «Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.