О внесении дополнений в постановление акимата Атырауской области от 6 мая 2014 года № 132 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере геологии и недропользования"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Атырауской области от 6 мая 2014 года № 132 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере геологии и недропользования"
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 132 "Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 265
- Қабылданған күні
- 29.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2015 83367_65331.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14T0003007
- ЭКБ идентификаторы
- 83367
- Редакция идентификаторы
- 83367_65331
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:42
0 Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 132 "Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 3–тармағына, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Атырау облысы әкiмдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 132 "Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2925 тіркелген, 2014 жылғы 19 маусымдағы "Атырау" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
келесі мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 4-қосымшасында келтірілген.";
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Атырау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 тамыз № 265
қаулысына 1 қосымша
"Кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауға, өндіруге келісімшарттар
жасасу, оларды тіркеу және сақтау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
6 Атырау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 тамыз № 265
қаулысына 2 қосымша
"Кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауға, өндіруге жер қойнауын
пайдалану құқығының кепіл шартын
тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 4-қосымша
"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу"
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы