О внесении дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 6 мая 2014 года № 149/5 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере здравоохранения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 6 мая 2014 года № 149/5 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере здравоохранения"
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 149/5 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 339/11
- Қабылданған күні
- 03.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2015 84322_252648.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14P0004159
- ЭКБ идентификаторы
- 84322
- Редакция идентификаторы
- 84322_252648
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:06
0 Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 149/5 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер регламанттерін бекіту туралы» № 149/5 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3852 болып тіркелді, 2014 жылғы 5 шілдеде «Сарыарқа самалы» газетінде және 2014 жылғы 5 шілдеде «Звезда Прииртышья» газетінде) келесідей толықтырулар енгізілсін:
«Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
«Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
«Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін толықтыру:
8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
«АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;
2 2. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 «Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы «3» қарашадағы
№ 339/11 қаулысына
1-қосымша
«Наркологиялық диспансерден
анықтама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
«Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік
қызметін көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
6 «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы «3» қарашадағы
№ 339/11 қаулысына
2-қосымша
«Психоневрологиялық диспансерден
анықтама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
«Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік
қызметін көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
7 «Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы «3» қарашадағы
№ 339/11 қаулысына
3-қосымша
«Туберкулез диспансерінен
анықтама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
«Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік
қызметін көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
8 «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы «3» қарашадағы
№ 339/11 қаулысына
4-қосымша
«АИТВ-инфекциясының
бар-жоғына ерікті түрде
жасырын және міндетті
түрде құпия медициналық
зерттеліп-қаралу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
4-қосымша
«АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және
міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» мемлекеттік
қызметін көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: