О внесении изменений в решение маслихата от 6 августа 2014 года № 195 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества села Молодежное города Аркалыка Костанайской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 6 августа 2014 года № 195 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества села Молодежное города Аркалыка Костанайской области"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2014 жылғы 6 тамыздағы № 195 "Қостанай облысы Арқалық қаласының Молодежный ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 230
- Қабылданған күні
- 20.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2020 89351_447780.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NC005562
- ЭКБ идентификаторы
- 89351
- Редакция идентификаторы
- 89351_447780
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:00
0 Мәслихаттың 2014 жылғы 6 тамыздағы
№ 195 «Қостанай облысы Арқалық
қаласының Молодежный ауылында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізудің қағидаларын және жергілікті
қоғамдастық жиындарына қатысатын
ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық
құрамын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 6 тамыздағы № 195 «Қостанай облысы Арқалық қаласының Молодежный ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5090 тіркелген, 2014 жылғы 31 қазанда «Торғай» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қостанай облысы Арқалық қаласының Молодежный ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»;
көрсетілген шешіммен бекітілген қағидаларында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Бөлек жиынды Молодежный ауылының әкімі (бұдан әрі – ауыл әкімі) шақырады.
Арқалық қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы Арқалық қаласы
Молодежный ауылының әкімі
________________ Е. Қожахметов
«20» наурыз 2015 жыл