Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 6 июня 2014 года № 3-2/288 «Об утверждении Правил ведения племенной книги»

Бұйрық · № 325 · қабылданған 31.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2014-no-3-2288-ekb-229559/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 6 июня 2014 года № 3-2/288 «Об утверждении Правил ведения племенной книги» Күшіне енбеген 31.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 6 июня 2014 года № 3-2/288 «Об утверждении Правил ведения племенной книги»

Күшіне енбеген Бұйрық № 325 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 6 июня 2014 года № 3-2/288 «Об утверждении Правил ведения племенной книги»
Атауы (қаз.)
«Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
325
Қабылданған күні
31.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
15.09.2026
Көрсетілген редакция
31.08.2026 I229559_0.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039765
ЭКБ идентификаторы
229559
Редакция идентификаторы
I229559_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.09.2026 03:31
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9577 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидалары осы бұйрыққа  қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 325 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 6 маусымдағы
№ 3-2/288 бұйрығымен
бекітілген
Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымдық кітап жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) асыл тұқымдық кітап – белгілі бір тұқымға жататын асыл тұқымды малдардың асыл тұқымдық құндылығын ескере отырып, олардың шығу тегі, өнімділігі және өзге де сапалары жөніндегі деректер жиынтығы;

2

2) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры – уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, жануарлардың генетикалық әлеуетін жетілдіру және арттыру үшін, сондай-ақ асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды жануарлар және селекциялық процеске тартылатын жануарлар туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;

3. Асыл тұқымдық кітапты (бұдан әрі – АТК) жүргізуді және басып шығаруды республикалық палаталардың атқарушы органдары (бұдан әрі – Палата) жүзеге асырады.

2. Асыл тұқымдық кітапты жүргізу тәртібі

4. Тұқымдар бойынша АТК Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-3/1084 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12897 болып тіркелген) бекітілген Асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларына сәйкес асыл тұқымды жануар мәртебесі берілген жануарларға қатысты жүргізіледі.

5. АТК-ны жүргізу Палатаның шешіміне сәйкес селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорының жеке модулінде және (немесе) қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылады. АТК қағаз жеткізгіште жүргізілген жағдайда, АТК Палатаның шешімі негізінде басып шығарылады.

6. Палата АТК-ны жыл сайын есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 1 ақпанына дейін қалыптастырады.

7. АТК асыл тұқымды жануарлардың (бұдан әрі – жануарлар) әрбір тұқымы бойынша жүргізіледі. Жылқыларда АТК бір тұқымның ішіндегі таза қанды және таза тұқымды жануарлар үшін жеке-жеке жүргізіледі.

8. АТК бес бөлімнен тұрады.

9. Бірінші бөлімге АТК-ға енгізілген барлық жануарлар туралы мынадай мәліметтер енгізіледі:

1) тиісті палата берген жануардың тіркеу нөмірі (бұдан әрі – тіркеу нөмірі);

2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес берілген жануардың жеке нөмірі (бұдан әрі – жеке нөмірі);

3) жануарға шаруашылықтың ішінде берілген түгендеу нөмірі (бұдан әрі – түгендеу нөмірі);

4) жануардың лақап аты (бар болса).

10. Екінші бөлімге асыл тұқымды тұқымдық жануарлар (бұдан әрі – тұқымдық мал) және олардың ұрпақтары туралы мынадай мәліметтер енгізіледі:

1) тұқымдық малдар туралы:

1.1) тіркеу нөмірі;

1.2) жеке нөмірі;

1.3) түгендеу нөмірі;

1.4) лақап аты (бар болса);

1.5) АТК-да тіркелген күні;

1.6) асыл тұқымды жануар мәртебесінің болуы туралы мәліметтер;

1.7) тұқымы;

1.8) тұқымдылығы;

1.9) түсі;

1.10) туған күні мен жері;

1.11) импортталған күні (импортталған тұқымдық малдар үшін);

1.12) иесі туралы мәліметтер;

1.13) бонитирлеу нәтижесі бойынша берілген сыныбы не индекстік бағалау нәтижесі;

1.14) жануар тегінің кемінде үш буыны бойынша мәліметтер (тіркеу нөмірлері (бар болса), жеке нөмірлері, түгендеу нөмірлері, лақап аттары (бар болса), бонитирлеу нәтижесі бойынша берілген сыныптары не индекстік бағалау нәтижелері көрсетіледі);

1.15) тұқымдық малдың өлген не әкетілген күні.

2) тұқымдық малдың ұрпағы бойынша:

2.1) туған күні мен жері;

2.2) түсі;

2.3) жынысы;

2.4) ұрпағының түгендеу нөмірлері;

2.5) ұрпағының лақап аты (бар болса);

2.6) енесінің жеке нөмірі;

2.7) енесінің лақап аты (бар болса).

11. Үшінші бөлімге АТК-ға енгізілген аналық мал басы және олардың ұрпақтары туралы мәліметтер енгізіледі:

1) аналық мал басы туралы:

1.1) тіркеу нөмірі;

1.2) жеке нөмірі;

1.3) түгендеу нөмірі;

1.4) лақап аты (бар болса);

1.5) АТК-да тіркелген күні;

1.6) жануар мәртебесінің болуы туралы мәліметтер;

1.7) тұқымы;

1.8) тұқымдылығы;

1.9) түсі;

1.10) туған күні мен жері;

1.11) импортталған күні (импортталған жануарлар үшін);

1.12) иесі туралы мәліметтер;

1.13) бонитирлеу нәтижесі бойынша берілген сыныбы не индекстік бағалау нәтижесі;

1.14) жануардың тегінің кемінде үш буыны бойынша ақпараттың болуы (тіркеу нөмірлері (бар болса), жеке нөмірлері, түгендеу нөмірлері, лақап аттары (бар болса), бонитирлеу нәтижесі бойынша берілген сыныптары не индекстік бағалау нәтижелері көрсетіледі);

1.15) өлген күні не әкетілген күні.

2) аналық малдың ұрпағы бойынша:

2.1) туған күні мен жері;

2.2) түсі;

2.3) жынысы;

2.4) ұрпағының жеке нөмірі;

2.5) ұрпағының лақап аты (бар болса);

2.6) әкесінің жеке нөмірі;

2.7) әкесінің лақап аты (бар болса).

12. Төртінші бөлімге АТК-ға енгізілген импортталған және экспортталған жануарлар туралы мынадай мәліметтер енгізіледі:

1) түгендеу нөмірі;

2) лақап аты (бар болса);

3) жануардың әкелінген не әкетілген жылы;

4) импорттаушы немесе экспорттаушы елдің атауы.

13. Бесінші бөлімге АТК-ға енгізілген өлген жануарлар туралы мынадай мәліметтер енгізіледі:

1) жеке нөмірі;

2) лақап аты (бар болса);

3) өлген күні.

14. АТК-ның екінші және үшінші бөлімдеріне осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Асыл тұқымды жануарлардың түрлері бойынша асыл тұқымды кітапқа енгізуге арналған мәліметтер тізбесінде көрсетілген мәліметтер қосымша енгізіледі.

15. Асыл тұқымды жануар мәртебесі тоқтатыла тұрған не күші жойылған жағдайда, мұндай жануар туралы мәліметтер АТК-да сақталады және тиісті мәртебесі, оны тоқтата тұру не күшін жою туралы шешімнің қабылданған күні көрсетіледі.

16. Осы Қағидалардың 10, 11, 12, 13, 14, 15-тармақтарында көзделген асыл тұқымды жануарлар туралы мәліметтер жануардың бүкіл өмірінің бойында келіп түсуіне қарай АТК-ға енгізіледі.

1.1 Асыл тұқымды жануарлардың түрлері бойынша асыл тұқымдық кітапқа енгізуге арналған мәліметтер тізбесі

Асыл тұқымдық кітап жүргізу
қағидаларына
қосымша
Асыл тұқымды жануарлардың түрлері бойынша
асыл тұқымдық кітапқа енгізуге арналған мәліметтер
тізбесі
Р/с №
Жануардың (жануарлардың) түрі (түрлері)
Мәліметтер
1
Ірі қара мал
Сүтті және сүтті-етті өнімділік бағыттары бойынша:
сиырларда өнімділік бойынша мынадай мәліметтер көрсетіледі: соңғы аяқталған сүттенудің реттік нөмірі; 305 күндік сүттенудің сауымы, сүттегі май мен ақуыздың орташа пайыздық мөлшері, 305 күндік сүттену кезеңіндегі сүттегі соматикалық жасушалардың саны;
тұқымдық бұқаларда ұрғашы төлдерінің өнімділігі бойынша мынадай мәліметтер көрсетіледі: бірінші 305 күндік сүттенудегі сауымы, сүттегі май мен ақуыздың орташа пайыздық мөлшері, бірінші 305 күндік сүттену кезеңіндегі сүттегі соматикалық жасушалардың саны;
етті өнімділік бағыты бойынша:
туған кездегі, енесінен айырған кездегі (205 күнге түзетілген) және бір жасындағы (365 күнге түзетілген) тірідей салмағы.
2
Қойлар
Тірідей салмағы, жасын көрсете отырып, жүннің ең жоғары қырқым мөлшері килограммен;
өнімділіктің жүнді-етті, етті-жүнді, етті-жүнді ұзын жүнді және етті-жүнді қысқа жүнді бағыттарындағы қой тұқымдары үшін:
жануар типі; жүннің тығыздығы мен ұзындығы, жүннің жіңішкелігі, жүннің жіңішкелігі бойынша біркелкілігі, шайыры, бұйралығы, экстерьері, жалпы бағасы;
өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қой тұқымдары үшін:
жануар типі, жүнінің түсі, жүннің тығыздығы, қылшық жүннің ұзындығы, түбіттің ұзындығы, жүннің түрі мен сыныбы (сапасы), өлі және құрғақ қылшықтың болуы, жүн жабынының біркелкілігі, конституциясы, экстерьері мен еттілігі (балмен), жалпы бағасы, құйрық майының көлемі мен пішіні;
қаракөл және қазақтың қаракөл-құйрықты қой тұқымдары үшін:
түсі, реңкі, бояуы, елтірілік типі, бұйрасының мөлшері, қозы жасындағы бонитирлеу кезіндегі сыныбы.
3
Ешкілер
Өнімділіктің сүтті бағытындағы ешкілер үшін:
жануар типі, дене бітімінің типі, ірілігі, экстерьері, желінінің дамуы, сүт сауымы, сүттену кезеңіндегі сүт сауымы (килограммен), сүттің майлылығы (пайызбен), туған кездегі, енесінен айырған кездегі, алты айлық, он сегіз айлық және екі жарым жастағы тірілей салмағы;
өнімділіктің жүнді бағытындағы ешкілер үшін:
жануар типі, кемп талшығының мөлшері, жүннің тығыздығы, бүйіріндегі, санындағы және арқасындағы жүннің ұзындығы мен қалыңдығы, жүннің жіңішкелігі, жүннің біркелкілігі, бұйралығы, шайыр мөлшері, жүннің жылтырлығы, жүн басуы (балмен), жуылмаған жүн қырқымы, таза жүн шығымы, таза жүн қырқымы;
өнімділіктің түбітті бағытындағы ешкілер үшін:
жануар типі, түбіттің пайыздық мөлшері, түбіттің тығыздығы, бүйіріндегі және санындағы түбіттің ұзындығы (сантиметрмен), түбіттің жіңішкелігі, түбіттің біркелкілігі, түбіттің түсі, арқасының жүн басуы (балмен), таралған түбіт мөлшері (граммен), туған кездегі, енесінен айырған кездегі, он сегіз айлық және екі жарым жастағы тірілей салмағы.
4
Шошқалар
Тірідей салмағы, денесінің ұзындығы, оң және сол жақ емшектерінің саны, экстерьер үшін берілген балдардың жиынтығы және жиынтық сыныбы (бонитирлеу кезінде) және (немесе) индексі (индекстік бағалау кезінде), 6-7-омыртқа үстіндегі шел майының қалыңдығы,
қосымша мегежіндер бойынша:
мегежіннің өнімділігі: торайлау саны, көп төлділігі, туған кездегі бір торайдың салмағы, сүттілігі, бір мегежіннен алынған тірі торайлардың саны.
5
Жылқылар
Өнімді бағыттағы жылқылар үшін:
шоқтығының биіктігі, денесінің қиғашынан ұзындығы, кеуде орамы, жіліншік орамы (сантиметрмен), тірідей салмағы;
асыл тұқымдық пайдаланылуы туралы мәліметтер:
айғырлар үшін – пайдаланылған жылы, пайдаланылған шаруашылық, үйірдегі биелер саны, оның ішінде буаз биелер саны және алынған құлындар саны;
биелер үшін – құлынының туған жылы, түсі, жынысы және лақап аты (бар болса), АТК бойынша нөмірі немесе одан алынған құлынның әкесінің түгендеу нөмірі мен лақап аты (бар болса).
Асыл тұқымды жылқылардың көрмелері мен байқауларындағы бағасы (орны, жылы, алған марапаттары).
зауыттық тұқымды жылқылар үшін:
бонитирлеу жүргізілген жыл көрсетіле отырып, бонитирлеу нәтижелері;
шығу тегі мен типтілігі, экстерьерлік өлшемдері және жұмыс қабілеті бойынша балдық бағалау;
сынақ нәтижелері:
әртүрлі қашықтықтардағы шабыс жылдамдығы, бас жүлделерді ұтып алуы, сондай-ақ жұмыс қабілетінің өзге де көрсеткіштері;
жылқы сыналған қала, аудан орталығы және ипподром атауы;
көрмелердегі бағасы (орны, жылы, алған марапаттары).
асыл тұқымдық пайдаланылуы туралы мәліметтер:
айғырлар үшін – пайдаланылған жылы, пайдаланылған шаруашылық, үйірдегі биелер саны, оның ішінде буаз биелер саны және алынған құлындар саны;
биелер үшін – құлынының туған жылы, түсі, жынысы және лақап аты (бар болса), АТК бойынша нөмірі немесе одан алынған құлынның әкесінің түгендеу нөмірі мен лақап аты (бар болса).
6
Түйелер
Дененің негізгі өлшемдері: өркештерінің арасындағы биіктігі, денесінің қиғашынан ұзындығы, кеуде орамы, жіліншік орамы, жүн қырқымы;
тірідей салмағы;
шығу тегі мен типтілігі, бейімделгіштік қасиеттері, дене өлшемдері мен тірідей салмағы, экстерьері, жүнденуі, сүттілігі және ұрпағының сапасы бойынша балдық бағасы;
көрмелердегі бағасы (орны, жылы, алған марапаттары).
Аналық түйелер бойынша 210 күндік сүттенудегі сүт өнімділігі көрсетіледі.
Тұқымдық малдар бойынша ұрпағының сапасы жөніндегі бағалау нәтижелері және жануардың асыл тұқымдық пайдаланылуы туралы мәліметтер көрсетіледі.
7
Маралдар және бұғылар
Алынған пантыларды жеке есепке алу;
панты өлшемдері: сүйектену сақинасының ені (миллиметрмен), негізгі діңінің ұзындығы (сантиметрмен), діңінің жуандығы (сантиметрмен), көзүсті өсіндісінің ұзындығы (сантиметрмен), екінші өсіндінің ұзындығы (сантиметрмен), үшінші өсіндінің ұзындығы (сантиметрмен), айырлану тереңдігі (сантиметрмен), консервіленген пантының жалпы массасы және шикі пантыдан шығым пайызы;
жануардың асыл тұқымдық пайдаланылуы туралы мәліметтер.