О внесении изменений и дополнения в решение Жуалынского районного маслихата от 6 июня 2014 года № 31-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, становления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Жуалынскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Жуалынского районного маслихата от 6 июня 2014 года № 31-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, становления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Жуалынскому району»
- Атауы (қаз.)
- Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 31-4 «Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру еңгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5-6
- Қабылданған күні
- 20.07.2016
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2023 105634_681686.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16GD003148
- ЭКБ идентификаторы
- 105634
- Редакция идентификаторы
- 105634_681686
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:19
0 Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы
6 маусымдағы № 31-4 «Жуалы ауданы
бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтыру еңгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес Жуалы аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 2016 жылғы 6 маусымдағы № 31-4 «Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2268 болып тіркелген, 2014 жылдың 24 шілдедегі № 79-80 аудандық «Жаңа өмір»-«Новая жизнь» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жуалы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
5 тармақ:
мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшаларымен толықтырылсын:
«5) әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта бір рет) көрсетіледі»;
«6) әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігін жергілікті атқарушы органның ұсынымы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді»;
6 тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«1) туберкулез ауруымен ауыратын науқастарды амбулаториялық деңгейде емдеу кезеңінде ай сайын 12372 (он екі мың үш жұз жетпіс екі) теңге және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына табыстарын есепке алмай жылына бір рет арнайы комиссияның анықтауы бойынша, әлеуметтік қолдау көрсетілсін».