Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Жуалынского районного маслихата от 6 июня 2014 года № 31-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Жуалынскому району»

Ереже · № №43-6 · қабылданған 04.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2014-no-31-4-ekb-131423/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Жуалынского районного маслихата от 6 июня 2014 года № 31-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Жуалынскому району» Күшін жойған Ереже ·№ №43-6 ·04.05.2019
11.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Жуалынского районного маслихата от 6 июня 2014 года № 31-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Жуалынскому району»

Күшін жойған Ереже ·№ №43-6 · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Жуалынского районного маслихата от 6 июня 2014 года № 31-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Жуалынскому району»
Атауы (қаз.)
«Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 6 маусымдағы № 31-4 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
№43-6
Қабылданған күні
04.05.2019
Қолданысқа енгізілген күні
03.06.2019
Көрсетілген редакция
11.12.2023 131423_681676.kaz
Соңғы өзгеріс
11.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19GD004216
ЭКБ идентификаторы
131423
Редакция идентификаторы
131423_681676
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:05

0 «Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік

көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»
2014 жылғы 6 маусымдағы № 31-4 шешіміне өзгерістер
мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 31-4 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
3 тармақта:
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға»;
1)тармақша 1-1) тармақша болып есептелсін;
9) тармақша алып тасталсын;
9 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштерді талап етілмей, уәкілетті ұйымның немесе өзге де ұйымдардың ұсынымы Жуалы ауданның әкімдігінің тізімі бойынша бірыңғай мөлшерінде белгіленеді»;
10, 12, 13 және 16 тармақтарда «ауылдық округтің әкімі» деген сөздер «ауыл, ауылдық округ әкімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
18 тармақта «17 және 18» деген сандар «14 және 15» деген сандармен ауыстырылсын;
20 тармақ алып тасталсын.

2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы