Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 «Об утверждении Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты»

Бұйрық · № 105 · қабылданған 12.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2014-no-72-ekb-182857/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 «Об утверждении Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты» Қолданыста Бұйрық ·№ 105 ·12.06.2023
12.06.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 «Об утверждении Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты»

Қолданыста Бұйрық ·№ 105 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 «Об утверждении Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты»
Атауы (қаз.)
«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
105
Қабылданған күні
12.06.2023
Көрсетілген редакция
12.06.2023 182857_643527.kaz
Соңғы өзгеріс
12.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032766
ЭКБ идентификаторы
182857
Редакция идентификаторы
182857_643527
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:25

0

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9946 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларында:
1,2,3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» (бұдан әрі – Заң), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы заң) заңдарына және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзiрленді және, ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы беру және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру тәртiбiн айқындайды.»;
2. Көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және оны аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада баяндалған.
3. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алуға немесе салуға бюджеттік кредит Заңның 18-бабының 8-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыларға көрсетіледі.
Бұл ретте ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 12-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып беріледі.
4. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бойынша ұсынылады.
Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы алдағы кезеңге Тізбе қалыптастырады, ол бір жұмыс күні ішінде аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады және «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – сенім білдірілген өкіл (агент) мәлімет үшін ұсынады.
Тізбе сенім білдірілген өкілді (агентті) ақпараттандыру объектілері арқылы бір жұмыс күні ішінде орналастырылады – otbasybank.kz/programm-bank Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы (бұдан әрі – Портал).
Тізбеде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін қызметті алушылардың саны және олардың мамандықтары көрсетіледі.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органы (мәслихат) жыл сайын көрсетілетін қызметті алушыларға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім қабылдайды.»;
10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Порталда тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
l) көтерме жәрдемақы алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
Кредиттік бюродан есеп;
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
Кредиттік бюродан есеп.
Осы Қағидаларда көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi.
Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде өтінішке көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ немесе бір реттік парольмен куәландырылған көрсетілген құжаттардың (тиісті ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды қоспағанда) электрондық (сканерленген) көшірмелері қоса тіркеледі.
11. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтерді, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы, көрсетілетін қызметті алушының атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы анықтамаларды, еңбек қызметі бойынша мәліметтерді, ортадан кейінгі, техникалық, кәсіптік және/немесе жоғары білім дипломының болуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.
Көрсетілетін қызметті беруші Порталда көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және Порталда тиісті хабарлама (бас тарту себебін көрсете отырып) көрсетіледі.
12. Порталда сенім білдірілген өкіл (агент) құжаттардың толық топтамасын беруді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге автоматты режимде қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
13. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Порталда орналастырған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеуді жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді.
14. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну және/немесе әлеуметтік қолдау шараларын алуға көрсетілетін қызметті алушыларды есепке және кезекке қою немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту туралы қаулысының жобасын дайындайды.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну және/немесе әлеуметтік қолдау шараларын алуға көрсетілетін қызметті алушыларды есепке және кезекке қою туралы қаулысы төрт жұмыс күні ішінде қабылданады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімше көрсетілетін қызметті алушыны оған алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді қоса бере отырып, тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
15. Порталда көрсетілетін қызметті алушыға берілген, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасу қажеттігі туралы, есепке алу және кезектілікке қою туралы хабарлама немесе әлеуметтік қолдау шарасын ұсынудан дәлелді бас тарту әлеуметтік қолдау шараларын көрсету нәтижесі болып табылады.
16. Көрсетілетін қызметті беруші:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болған;
3) егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан оның негізінде айырылған, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар болған;
4) көрсетілетін қызметті алушы Заңның 18-бабы 8-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайларда әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті беруші Порталда мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
17. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы қабылданғаннан кейін:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде Келісімге Порталда көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ көмегімен немесе куәландырылған бір реттік парольмен қол қойылады;
2) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алған кезде Келісімге Порталда көрсетілетін қызметті беруші, сенім білдірілген өкіл (агент) және көрсетілетін қызметті алушы арасында бес жұмыс күні ішінде ЭЦҚ көмегімен немесе куәландырылған бір реттік парольмен қол қойылады.»;
19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін бюджет қаражаты жетіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткерлердің қатарынан кезектілікті қалыптастыру жолымен әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мерзімін тоқтата тұрады.
Әлеуметтік қолдау шараларын алуға кезекте тұрған көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қайта қарау мерзімін көрсетілетін қызметті беруші белгілейді және ол бір жылдан аспайды.
Көрсетілетін қызметті беруші сенім білдірілген өкілге (агентке) әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мерзімдерін тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.
20. Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші Порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе бір реттік парольмен куәландырылған мынадай құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді:
1) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру кезінде:
сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
сатып алынатын тұрғын үйдің құны берілетін бюджеттік кредит мөлшерінен асқан кезде қоса қаржыландыруға жазбаша келісім;
2) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит беру кезінде:
кепіл мүлкін бағалау актісі;
кепіл мүлкін сақтандыру шарты;
тұрғын үй салу кезіндегі шығыстар берілетін бюджеттік кредит мөлшерінен асып кеткен кезде қоса қаржыландыруға жазбаша келісім.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Сома банктік шотқа аударылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы кемінде он жұмыс күні өткен соң «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылауды жүзеге асыратын органдарға тұрғын үй құрылысының басталғаны туралы хабарлайды.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының Порталдағы «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты телефон арқылы алуға болады – 300 қысқа нөмірі.
Сенім білдірілген өкілге (агентке) шағымдар сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бірінші басшысының атына ресми сайт арқылы немесе сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бөлімшелерінде қабылданады.
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекетті жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа кері қайтарып алумен қатар, жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.»;
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша алып тасталсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 12 маусымдағы
№ 105 Бұйрыққа
1-қосымша
«Ауылдық елдi мекендерге
жұмыс iстеуге және тұруға
келген денсаулық сақтау, бiлiм
беру, әлеуметтiк қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының мемлекеттік
қызметшілеріне әлеуметтiк
қолдау шараларын
ұсыну қағидаларына
1-қосымша
«Ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер­ге жұ­мыс іс­те­у­ге және тұ­ру­ға кел­ген ден­са­улық сақ­тау, бі­лім бе­ру, әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру, мә­де­ни­ет, спорт және аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ға, ауыл­дар, кент­тер, ауыл­дық округ­тер әкім­де­рі ап­па­рат­та­ры­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ле­ріне әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну» мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Аудан­дар мен об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­ның ауыл­дық аумақ­тар­ды да­мы­ту са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­да­ры
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі ар­қы­лы – otbasybank.kz/programm-bank Бас­па­на Мар­кет жы­л­жы­май­тын мү­лік пор­та­лы (бұ­дан әрі – Пор­тал).
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
6 (ал­ты) жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Пор­тал­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға бе­рі­л­ген Ауыл­дық ел­дi ме­кен­дер­ге жұ­мыс іс­те­у­ге және тұ­ру­ға кел­ген ден­са­улық сақ­тау, бiлiм бе­ру, әле­умет­тiк қам­сыздан­ды­ру, мә­де­ни­ет спорт және аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ға, ауыл­дар, кент­тер, ауыл­дық округ­тер әкім­де­рі ап­па­рат­та­ры­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ле­ріне әле­умет­тiк қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы ке­лі­сім (бұ­дан әрі – Ке­лі­сім) жа­са­су қа­жет­ті­гі ту­ра­лы, есеп­ке алу және ке­зек­ті­лік­ке қою ту­ра­лы ха­бар­ла­ма неме­се әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну­дан дәлел­ді бас тар­ту.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Пор­тал – тех­ни­ка­лық жұ­мыстар­ды жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, тәу­лік бойы.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
l) кө­тер­ме жәр­де­ма­қы ал­ған кез­де:
осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шiр­месi;
2) тұр­ғын үй са­тып алу­ға бюд­жет­тік кре­дит ал­ған кез­де:
осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өтiнiш;
же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шiр­месi;
неке қию (ер­лі-зай­ып­ты­лық) ту­ра­лы ку­ә­лік не неке­де тұр­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар үшін цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
Кре­дит­тік бю­ро­дан есеп;
3) тұр­ғын үй са­лу­ға бюд­жет­тік кре­дит ал­ған кез­де:
осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өтiнiш;
же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шiр­месi;
неке қию (ер­лі-зай­ып­ты­лық) ту­ра­лы ку­ә­лік не неке­де тұр­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар үшін цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
Кре­дит­тік бю­ро­дан есеп.
Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, неке қи­ю­ды (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тер­ді, жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке тір­кел­ген құқық­тар (ауырт­па­лық­тар) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­ке­луі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның, оның жұ­бай­ы­ның және ба­ла­ла­ры­ның жы­л­жы­май­тын мүл­кі­нің бол­мауы (бо­луы) ту­ра­лы, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның аты­на тұр­ғын үй са­лу­ға бе­рі­л­ген жер учас­ке­сін пай­да­ла­ну құқы­ғы ту­ра­лы анық­та­ма­лар­ды, ең­бек қыз­ме­ті бой­ын­ша мә­лі­мет­тер­ді, ор­та­дан кей­ін­гі, тех­ни­ка­лық, кә­сіп­тік және/неме­се жо­ға­ры бі­лім ди­пло­мы­ның бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Пор­тал­дан ала­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден:
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі анық­тал­ған;
2) егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бар болған;
3) егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан оның негі­зін­де ай­ы­ры­л­ған, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бар болған;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Заң­ның 18-ба­бы 8-тар­ма­ғы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­ген;
5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­ма­ған жағ­дай­лар­да әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну­дан бас тар­та­ды.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма­лық қыз­мет­тің бай­ла­ныс те­ле­фо­ны: 300 қы­сқа нө­мі­рі.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба неме­се ку­әлан­ды­ры­л­ған бір рет­тік па­роль болған жағ­дай­да Пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.

2 Өтініш

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 12 маусымдағы
№ 105 Бұйрыққа
2-қосымша
«Ауылдық елдi мекендерге
жұмыс iстеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, бiлiм беру,
әлеуметтiк қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының мемлекеттік
қызметшілеріне әлеуметтiк
қолдау шараларын
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Нысан
____________________________
облысы
_________________________
ауданының (облыстық маңызы
бар қала) әкiмi
____________________________
аты-жөнi, тегi
____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
____________________________
жұмыс орны, лауазымы
____________________________
өтiнiш берушiнiң аты,
әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi
(бұдан әрі –Т.А.Ә.)
Өтініш
Сiзден Келiсiмде (қоса берiледі) көрсетілген мөлшерде және шарттарда маған көтерме жәрдемақы төлеуiңiздi және/немесе тұрғын үй сатып алуға/салуға (қажеттісін сызу) бюджеттiк кредит ресiмдеуге құқық беруiңiздi сұраймын.
__________ ____________
күнi қолы
Өзгерiстер туындаған жағдайда, олар туралы 15 жұмыс күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн. Дұрыс емес мәлiметтер және/немесе жасанды құжаттар бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдiм.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

3 Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісім

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 12 маусымдағы
№ 105 Бұйрыққа
3-қосымша
«Ауылдық елдi мекендерге
жұмыс iстеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, бiлiм беру,
әлеуметтiк қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының мемлекеттік
қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау
шараларын ұсыну қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісім
Елдi мекен ___________________ 20 ___ жылғы «__» __________
Бұдан әрі «Әкiмшi» деп аталатын «__________________» мемлекеттiк мекемесi атынан басшы ________________________________ бiр тараптан, бұдан әрi «Алушы» деп аталатын әлеуметтiк көмек алушы _________________________ екінші тараптан және бұдан әрi «Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)» деп аталатын ____________________________ үшiншi тараптан төмендегiлер туралы осы Өзара мiндеттемелер келiсiмiн жасасты:

1 1. Келiсiмнiң нысанасы

Тараптар өзара жауапкершiлiктi және келiсiмдi ескере отырып, ешқандай тараптан мәжбүрлеусіз өздеріне мiндеттемелер қабылдайды, оны тараптар толық көлемде орындауы тиiс, атап айтқанда:

1.1 1.1 Әкiмшi _______________ мәслихатының (20 __ жылғы «__» _____ № _____) шешiмiнiң негiзiнде өзiне мынадай:

1 1) ___________________________________ теңге мөлшерiнде көтерме жәрдемақы;

2 2) ___ жыл мерзiмге __________________________________________ теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға/салуға бюджеттiк кредит түріндегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсынуға мiндеттемелер қабылдайды.

1.2

1.2 Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алу кезінде ___________ ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) ұйымында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттемелер қабылдайды.

1.3 1.3 Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) өзiне тапсырма шарты негiзiнде әкiмшiнiң атынан және оның есебiнен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындауға мiндеттеме қабылдайды.

2 2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

2.1 2.1 Әкiмшi:

1 1) алушыдан осы Келiсiмге сәйкес өзiне алған мiндеттемелердi адал және тиiсiнше орындауды талап етуге;

2 2) тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден сенім білдірілген өкілдің (агенттің) интернет-ресурс арқылы алушының тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді алуға құқылы.

2.2 2.2 Әкiмшi:

1) осы Келiсiмді жасасқаннан кейін бір жұмыс күнi iшiнде көтерме жәрдемақысының тағайындалған сомасын алушының жеке есеп шотына аударуға мiндеттi.

2.3 2.3 Алушының:

1 1) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ерiктi түрде таңдауға;

2

2) үш жылдық мерзiм өткенге дейiн өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң бастамасы бойынша басқа ауылдық елдi мекендерге (немесе бір ауылдық елді мекеннің шегінде) жұмысқа ауысқан кезде қосымша келісім бойынша міндеттемелер қабылдай отырып, алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар.

2.4 2.4 Алушы:

1 1) 30 жұмыс күні ішінде Әкімшіге:

тұрғын үй сатып алуға /салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алған күннен бастап;
тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы туралы растайтын құжаттарды ұсынуға;

2 2) меншiгiне сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн Әкімшіге тұрғын үй құжаттарының түпнұсқаларын алған бюджеттік кредитті толық өтегенге дейін осы Келiсiмдi кемiнде үш жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге;

3 3) Әкімшіге тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;

4 4) осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге;

5 5) жалақыдан кесте бойынша өтеу сомасын шегеру жолымен кредит бойынша жарналарды ай сайын өтеуді қамтамасыз етуге мiндеттi.

2.5 2.5 Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агент):

1 1) алушымен есеп айырысу жүргiзуге;

2 2) алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргiзуге құқығы бар.

2.6 2.6 Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент):

1 1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредитке қызмет көрсетуге;

2 2) кредиттiк шарт бойынша әлеуметтiк қолдау шараларын алған алушы мiндеттемелерiнiң орындалуына мониторинг жүргiзуге;

3 3) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған және орындаудан бас тартылған жағдайда алушыдан берешектi өндiрiп алуды жүзеге асыруға мiндеттi.

3 3. Дауларды шешу

3.1 3.1 Осы Келiсiмдi орындау кезiнде туындауы мүмкiн барлық мәселелер мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiнше Тараптардың арасында келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.

3.2 3.2 Егер даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен реттелмейтiн болса, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешiлуге тиiс.

4 4. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi

4.1 4.1 Осы Келiсiм тараптар қол қойған күннен бастап күшiне енедi.

Келiсiм 20___ жылғы «__» ____________ бастап қолданылады.

4.2 4.2 Келiсiм әр тарап үшін заң күшi бiрдей үш данада жасалды.

5 5. Тараптардың заңды мекенжайлары

Әкiмшi             Алушы       Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)
      __________________       ________________       __________________
      __________________       ________________       __________________
      __________________       ________________       __________________

Қолданыстағы