О внесений изменений и дополнений в решение акима города Капшагай от 6 января 2015 года № 01-02 «Об образовании избирательных участков для проведения голосования и подсчета голосов в городе Капшагай»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесений изменений и дополнений в решение акима города Капшагай от 6 января 2015 года № 01-02 «Об образовании избирательных участков для проведения голосования и подсчета голосов в городе Капшагай»
- Атауы (қаз.)
- Қапшағай қаласы әкімінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы «Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» № 01-02 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 03-06
- Қабылданған күні
- 20.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2015 88852_38933.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DB003133
- ЭКБ идентификаторы
- 88852
- Редакция идентификаторы
- 88852_38933
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:58
0 Қапшағай қаласы әкімінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
«Қапшағай қаласында дауыс
беруді өткізу және дауыс санау
үшін сайлау учаскелерін құру
туралы» № 01-02 шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қапшағай қаласы әкімінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы «Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 30 қаңтарында № 3012 тіркелген, «Нұрлы олке» газетінде 2015 жылдың 2 ақпанында №06 (311) жарияланған) № 01-02 шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасының 17-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Орталығы: Қапшағай қаласы, 5-шағын аудан, Мостостроителей көшесі, № 1, Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы»;
аталған шешімнің қосымшасының 19-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Орталығы: Заречное ауылы, Центральный көшесі, № 22, дәрігерлік амбулатория»;
аталған шешімнің қосымшасының 23-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Орталығы: Шеңгелді ауылы, Мақатаев көшесі, № 10, Қадырғали Жалайыр атындағы № 6 орта мектебі»;
аталған шешімнің қосымшасының 22-тармағының екінші абзацындағы «Райымбек көшесі № 1-ден 53-ке дейін, Ескелді би көшесі № 1-ден 55-ке дейін, Уәлиханов көшесі № 1-ден 7-ге дейін, «Қайнар» шағын ауданы» сөздері алынып тасталсын;
аталған шешімнің қосымшасының 9-тармағының екінші абзацындағы «Строитель» бағбандық серіктестігі» сөздері алынып тасталсын;
аталған шешімнің қосымшасының 7-тармағының екінші абзацы «18-шағын аудан: Жастар көшесі № 18, Ахмешев көшесі № 10, № 12, № 10/1, Құрманғазы көшесі № 25, Көгедай көшесі № 14, Октябрьская көшесі № 25/2» сөздерімен толықтырылсын;
аталған шешімнің қосымшасының 8-тармағының екінші абзацы «19-шағын аудан: № 1г, Веселая көшесі № 13, Комсомольская көшесі № 7г, Вивальди көшесі № 17, № 14» сөздерімен толықтырылсын;
аталған шешімнің қосымшасының 10-тармағының екінші абзацы «20-шағын аудан: Әйтеке би көшесі № 1, № 11, Алмагүл көшесі № 18, № 56, № 10, Веселая көшесі № 8, № 15, Ботагөз көшесі № 12, № 14; Сейфуллин көшесі № 2а, № 2б, № 9/1, № 2д» сөздерімен толықтырылсын;
аталған шешімнің қосымшасының 11-тармағының екінші абзацы «Рауан» шағын ауданы: 9-линия № 1, 2-линия № 17, 3-линия № 23, 4-линия № 1б; «Спутник» шағын ауданы: № 52, «Строитель» бағбандық серіктестігі» сөздерімен толықтырылсын;
аталған шешімнің қосымшасының 14-тармағының екінші абзацы «3-шағын ауданы: № 28д» сөздерімен толықтырылсын;
аталған шешімнің қосымшасының 17-тармағының екінші абзацы «Гүлдер» шағын ауданы: № 17, № 41, № 24, № 34/1, № 49, № 66, № 48, № 61, Шенгельдинская көшесі № 1, № 3, № 8, Капшагайская көшесі № 3/1; 8-шағын аудан: Центральная көшесі № 4, № 40, № 10, 3 сектор № 12, № 34, Алатау көшесі № 6; 10-шағын аудан: Алатау көшесі № 17, Центральная көшесі № 1б, № 2, № 27, № 56, № 52, № 37, № 40, № 14, 1 сектор № 1, № 30, № 33, № 16, 3 сектор № 5, № 9, № 10/1, Малайсары көшесі № 26в, № 34, 2 сектор № 16, Жібек Жолы көшесі № 44/1, № 46, № 22, № 30; «Восточный» шағын ауданы: № 23, № 35/1, № 11а, № 20, № 27б, № 3б; 12а-шағын ауданы: № 11, № 9; «Арна» шағын ауданы: № 60, № 141; Қонаев көшесі № 29, № 31, № 31а, № 18б, № 18б/1» сөздерімен толықтырылсын;
аталған шешімнің қосымшасының 18-тармағының екінші абзацы «5-шағын ауданы: № 48а; «Қарлығаш» шағын ауданы: № 34/1, 3 сектор № 29, № 28, № 40, 1 сектор № 19, № 11а» сөздерімен толықтырылсын;
аталған шешімнің қосымшасының 19-тармағының екінші абзацы «Набережный көшесі № 30, № 60, № 38, Момышұлы көшесі № 11, Дзержинского көшесі № 70, Наурызбай батыр көшесі № 5, Тәуелсіздік көшесі № 15, Центральная көшесі № 11» сөздерімен толықтырылсын;
аталған шешімнің қосымшасының 22-тармағының екінші абзацы «Бейбітшілік көшесі № 14, № 9, № 7, Айымбетов көшесі № 44/2, № 42, № 41, Тәуелсіздік көшесі № 13» сөздерімен толықтырылысын;
аталған шешімнің қосымшасының 23-тармағының екінші абзацы «Райымбек көшесі № 1-ден 53-ке дейін, Ескелді би көшесі № 1-ден 55-ке дейін, Уәлиханов көшесі № 1-ден 7-ге дейін, Жиенқұлов көшесі, «Қайнар» шағын ауданы» сөздерімен толықтырылсын;
аталған шешімнің қосымшасының 9-тармағының бірінші абзацындағы «№ 20 кәсіби лицейі» сөздері «Қапшағай көпсалалық колледжі» сөздерімен ауыстырылсын;
аталған шешімнің қосымшасының 11-тармағының екінші абзацындағы «Алтын Алма» сөздері «Қапшағай Алтын Алма» сөздерімен, «Связист» сөзі «Связист-1» сөзімен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушысына жүктелсін.
3
3. Қапшағай қаласы әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушысына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.