О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 6 августа 2015 года № 107-1346 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых организациями технического и профессионального, послесреднего образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 6 августа 2015 года № 107-1346 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых организациями технического и профессионального, послесреднего образования»
- Атауы (қаз.)
- «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 107-1346 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 107-750
- Қабылданған күні
- 18.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 09.10.2020 102341_486518.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ABW01020
- ЭКБ идентификаторы
- 102341
- Редакция идентификаторы
- 102341_486518
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:33
0 «Техникалық және кәсіптік
білім беру саласында көрсетілетін
мемлекеттік қызмет
регламенттерін бекіту туралы»
Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 6 тамыздағы № 107-1346
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №200 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 63 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13356 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 107-1346 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 943 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 қыркүйектегі № 104 (3309) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 19 қыркүйектегі № 104 (3327) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 3-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2
2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Астана қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 18 сәуірдегі
№ 107-750 қаулысына
қосымша
Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 6 тамыздағы
№ 107-1346 қаулысына
3-қосымша
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 63 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13356 болып тіркелген) «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 107-1346 қаулысына өзгерістер енгізу туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнының базасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)» арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны қағаз жүзінде.
3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын (бұдан әрі – телнұсқа) қағаз түрінде беру болып табылады.
4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2 2. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (жұмыскерлерінің) iс-қимылы тәртiбiн сипаттау
1 1. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) басталуы үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес құжаттар топтамасы қоса берілген белгіленген үлгідегі өтініші негіз болады.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны және нәтижесі, оның орындалу ұзақтығы:
1-әрекет – өтініштер мен құжаттарды тіркеуге жауапты көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушылардан Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген үлгі бойынша қажетті құжаттарды қоса берген өтінішті қабылдау – 30 (отыз) минут ішінде, құжаттарды тапсырған күні.
1-әрекет бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекеттің) нәтижесі – қоса берген құжаттармен бірге өтінішті тіркеу және жауапты орындаушының қарауына беру болып табылады;
2-әрекет – жауапты орындаушының құжаттарды қарауы және телнұсқаны толтырып нәтижені басшыға қол қою үшін жолдау – 18 (он сегіз) күн ішінде.
2-әрекет бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекеттің) нәтижесі – жауапты орындаушының құжаттарды қарауы және телнұсқаны толтырып нәтижені басшыға қол қою үшін жолдау болып табылады;
3-әрекет – басшының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы және жауапты орындаушыға жолдау – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
3-әрекет бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекеттің) нәтижесі – басшының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы және жауапты орындаушыға жолдау;
4-әрекет – көрсетілетін қызметті алушыға басшының қолы қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
4-әрекет бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (әрекеттің) нәтижесі – қызмет алушыға басшының қолы қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
1 1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3 3) құжаттарды қабылдау және өтініштерді тіркеуге жауапты көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері.
2 2. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-сызбамен сүйемелденеді.
4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
1 1. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы:
1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорация инспекторына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, Мемлекеттік корпорация инспекторы құжаттарды қабылдайды – 15 (он бес) минут ішінде;
2 2) Мемлекеттік корпорация инспекторы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін Мемлекеттік корпорация жинақтаушы бөліміне жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қабылданған құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына жолдайды – 15 (он бес) минут ішінде;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы кіріс құжаттарымен танысады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды қарайды, тізімге сәйкестігін тексереді, телнұсқаны дайындайды, басшыда қол қойғызады және Мемлекеттік корпорация хат тасушысына телнұсқаны тапсырады – 18 (он сегіз) күнтізбелік күннен кешіктірмей;
6 6) Мемлекеттік корпорация инспекторы көрсетілетін қызметті алушыға телнұсқаны береді – 15 (он бес) минут ішінде.
2
2. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы, сондай-ақ басқа көрсетілетін қызметті алушылармен және (немесе) Мемлекеттік корпорация өзара қарым-қатынас тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес блок-сызбада көрсетілген.
3 Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы іс-қимылдар реттілігін сипаттаудың блок-сызбасы
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (әрекеттер) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Техникалық және кәсіптік
білім туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы іс-қимылдар реттілігін сипаттаудың блок-сызбасы
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы
іс-қимылдар реттілігінің блок-сызбасы
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үдерісінің анықтамалығы
* ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттесуі: