О внесении изменений в приказы Министра иностранных дел Республики Казахстан от 6 февраля 2015 года № 11-1-2/42 «Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов и организаций в сфере официальной помощи развитию» и № 11-1-2/43 «Об утверждении формы проектного предложения официальной помощи развитию»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказы Министра иностранных дел Республики Казахстан от 6 февраля 2015 года № 11-1-2/42 «Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов и организаций в сфере официальной помощи развитию» и № 11-1-2/43 «Об утверждении формы проектного предложения официальной помощи развитию»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 6 ақпандағы «Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» № 11-1-2/42 және «Дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысанын бекіту туралы» № 11-1-2/43 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11-1-4/163
- Қабылданған күні
- 20.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2025 208374_750813.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035850
- ЭКБ идентификаторы
- 208374
- Редакция идентификаторы
- 208374_750813
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:30
0
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 6 ақпандағы «Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» № 11-1-2/42 және «Дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысанын бекіту туралы» № 11-1-2/43 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 11-1-2/42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10431 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
2. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 109) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 109) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек (бұдан әрі – ДРК) саласындағы өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмекті қалыптастыру жөніндегі өзара іс-қимылы»;
3-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жобалық ұсыныстар «Дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 11-1-2/43 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10430 болып тіркелген) нысанға сәйкес енгізіледі.»;
3 және 4-тараулардың атаулары мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Бекітілген ДРК іс-шаралар және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарларына өзгерістер енгізу жөнінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы»;
«4-тарау. ДРК жобаларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы»;
10-тармақ алынып тасталсын.
2
2. «Дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 6 ақпандағы №11-1-2/43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10430 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
3 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.