Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 6 февраля 2015 года № 11-1-2/42 «Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов и организаций в сфере официальной помощи развитию»

Бұйрық · № 11-1-4/156 · қабылданған 15.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2015-no-11-1-242/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 6 февраля 2015 года № 11-1-2/42 «Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов и организаций в сфере официальной помощи развитию» Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/156 ·15.05.2020
15.05.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 6 февраля 2015 года № 11-1-2/42 «Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов и организаций в сфере официальной помощи развитию»

Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/156 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 6 февраля 2015 года № 11-1-2/42 «Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов и организаций в сфере официальной помощи развитию»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 11-1-2/42 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11-1-4/156
Қабылданған күні
15.05.2020
Көрсетілген редакция
15.05.2020 142904_461860.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020650
ЭКБ идентификаторы
142904
Редакция идентификаторы
142904_461860
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:30

0 «Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 11-1-2/42 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 11-1-2/42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10431 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Министрлік ұсынылған жобалық ұсыныстарды олардың сыртқы саяси орындылығы нысанасына сәйкестігін қарастырады.
Жобалық ұсыныстарды іске асырудың сыртқы саяси орындылығы болған жағдайда, Министрлік оны тиісті жоспар жобасына енгізеді.
Министрлік ағымдағы қаржылық жылдың 1 сәуіріне дейін кезекті қаржылық жылға:
ДРК іс-шаралар жоспарын;
ДРК-ге арналған халықаралық ұйымдарға ерікті жарналарды төлеу жоспарын әзірлейді.
Республикалық бюджет бекітілген соң Министрлік тиісті жылдарға ДРК іс-шаралары жоспарын және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарын бекітеді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сыртқы саяси орындылығын ескере отырып, Министрлік бекітілген бюджеттік қаражаттар шығындары шегінде ДРК іс-шаралар жоспарына және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарына түзетулер енгізеді және енгізілген өзгерістер туралы мемлекеттік органдар мен шет елдердегі мекемелерді хабардар етеді.
ДРК іс-шаралар жоспарына және ДРК-ға халықаралық ұйымдарға ерікті жарнаны төлеу жоспарына енгізілген өзгерістер мемлекеттік органдар, шет елдердегі мекемелер, оператор және ұйымдар үшін ДРК-нің қайта қосылған жобаларын іске асыруға негіз болып табылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

Қолданыстағы