О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 6 февраля 2015 года № 115 «Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата авиационного учебного центра гражданской авиации»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 6 февраля 2015 года № 115 «Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата авиационного учебного центра гражданской авиации»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 446
- Қабылданған күні
- 05.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 05.07.2017 114063_216449.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.07.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015451
- ЭКБ идентификаторы
- 114063
- Редакция идентификаторы
- 114063_216449
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:33
0 «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10486 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:
3-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 20-1 тармақпен толықтырылсын:
«20-1.Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталықтары олардың сертификаттарын уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес танығаннан кейін азаматтық авиацияның авиациялық персоналын даярлауға және кәсіптік деңгейін ұстауға жіберіледі.
Шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тануды алу үшін уәкілетті органға оқыту бағдарламасы мен оқытылатын авиациялық персонал көрсетіліп, еркін нысанда Өтінім жіберіледі.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Шетелдік авиациялық оқу орталығының қолданылу саласы жазылған сертификатының көшірмесі;
2) Авиациялық персоналды кәсіби даярлау бағдарламасы.
Уәкілетті орган Өтінімді алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде авиациялық оқу орталығына сертификат берген елдің Авиациялық әкімшілігіне оның түпнұсқалығы мәніне сұрау салу жібереді.
Уәкілетті орган 5 жұмыс күні ішінде авиациялық оқу орталығының сертификаты туралы шетел мемлекетінің авиациялық әкімшілігінен растау алғаннан кейін өтінім берушіге шетелдік авиациялық оқу орталығының танылғаны туралы хат жібереді.
Шетел мемлекетінің Авиациялық әкімшілігінен авиациялық оқу орталығы сертификатының төлнұсқасы туралы теріс жауап алған жағдайда, уәкілетті орган өтінім берушіге дәлелді жауап жібереді.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Тоқтатыла тұрған сертификат қолданысы авиациялық оқу орталығы тоқтата тұру себебін жойған, растайтын құжаттарды ұсынған және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган қажетті тексерулер жүргізгеннен кейін қалпына келтіріледі.»;
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 4 Қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 ЕЛТАҢБАУ
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму Министрінің
2017 жылғы 5 шілдедегі № 446
бұйрығына қосымша
Азаматтық авиацияның авиациялық
оқу орталығын сертификаттау
жәнесертификат беру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
ЕЛТАҢБАУ
әкілетті органның атауы
Уәкілетті органның мекенжайы
Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайы
20__ жылғы «___» _________ берілген.
Осы сертификат ______________________________________________________
(АОО, ұйым, құрылымдық бөлімше атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
авиациялық оқу орталығының Қазақстан Республикасының белгіленген
талаптарына, осы сертификатқа қосымшада көрсетілген қолданылу саласына
қатысты ИКАО стандарттарына және ұсынылған тәжірибесіне сәйкес келетінін
куәландырады.
Сертификат авиациялық оқу орталығын
_____________________________________________________________________
________________________ (уәкілетті органның атауы) _________________
20__ жылғы «___» _____________№ _________ сертификаттық зерттеу
актісі негізінде берілген.
Инспекциялық бақылауды
_____________________________________________________________________
________________________ (уәкілетті органның атауы) _________________
жүзеге асырады.
20__ жылғы «___» ____________
уәкілетті органның лауазымды тұлғасы
немесе оның уәкілетті тұлғасы
______________________________________
(Т.А.Ә. (егер бар болса) (қолы)
0-1 Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясы
Авиациялық оқу орталығының
2015 жылғы 5 шілдедегі № 446
сертифкатына қосымша
Нысан
Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясы
____________________________________________________________________
(АОО, ұйымның, құрылымдық бөлімшенің атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
№ п/п
Кәсіби даярлау түрлері
Бағыттары (мамандығы, мамандануы, курс атауы)
Шектеулер (кезең)
1.
Авиациялық персоналды бастапқы даярлау
2.
Авиациялық персоналды қайта даярлау
3.
Авиациялық персоналдың кәсіби деңгейін қолдау
М.О.
уәкілетті органның лауазымды тұлғасы
немесе оның уәкілетті тұлғасы
___________________ ________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (егер бар болса)