О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 6 апреля 2015 года № 19 «Об утверждении Правил осуществления охраны и надзора за лицами, находящимися в следственных изоляторах органов национальной безопасности Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 6 апреля 2015 года № 19 «Об утверждении Правил осуществления охраны и надзора за лицами, находящимися в следственных изоляторах органов национальной безопасности Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 20/қе
- Қабылданған күні
- 13.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2022 167754_574835.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200028066
- ЭКБ идентификаторы
- 167754
- Редакция идентификаторы
- 167754_574835
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:57
0 «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № № 10988 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларында:
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Кезекші кезекшілік бөлімде:
осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысандағы кезекшілікті қабылдап-тапсыру журналын;
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысандағы қарулар мен оқ-дәрілерді беру және қайтарып алуды есепке алу журналын;
осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысандағы изолятордың қызметтік кілттерін есепке алу журналын;
осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысандағы кездесулерді, сәлемдемелерді, сәлем-сауқатты және ақша аударымдарын есепке алу журналын;
осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысандағы күдіктілер мен айыпталушылардың келуін және кетуін тіркеу журналын;
осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысандағы изолятордың санитарлық есепке алу журналын;
осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысандағы күдіктілер мен айыпталушылардың шағымдарын және өтініштерін тіркеу журналын сақтайды және жүргізеді.»;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Тергеу изоляторларында дене күші, арнайы құралдар, газ және оқ ататын қарулар «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-45-баптарына сәйкес қолданылады.»;
88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«88. Қажет болған жағдайда тергеу изоляторының әкімшілігі ҰҚК жоғарғы басшылығына көмек бөлу туралы өтінішпен жүгінеді. Жалпы дабылды оны жариялаған лауазымды адам, ал жекелеген бекеттегі дабылды кезекші тоқтатады.»;
16-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу изоляторы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері таныстырылсын.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бет жағы
0 Күдіктілер мен айыпталушылардың ұсыныстарын, шағымдарын және өтініштерін тіркеу
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының 2022 жылғы
13 мамырдағы № 20/қе
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдарының
тергеу изоляторларындағы адамдарды
күзету мен қадағалауды жүзеге
асыру қағидаларына
16-қосымша
нысан
түг. № _______
сақтау мерзімі_____________
Күдіктілер мен айыпталушылардың ұсыныстарын, шағымдарын және өтініштерін тіркеу
ЖУРНАЛЫ № ______
№ _______ ТОМ
20__жылғы «___»__________ басталды
20__жылғы «___»__________аяқталды
_______ бетте
журнал _______томда
Ішкі беті
Қарау нәтижесі және оны жариялау күні
7
Кімге жіберілген (шығыс номері және күні)
6
Ұсыныстын, шағымның, өтініштің қысқаша мазмұны (прокурорға және сотқа жабық түрде жіберілгендерден басқа)
5
Кімге жіберілді
4
Келіп түскен күні
3
Ұсынысты, шағымды, өтінішті берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
2
р/с
№
1