Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 6 апреля 2015 года № 19 «Об утверждении Правил осуществления охраны и надзора за лицами, находящимися в следственных изоляторах органов национальной безопасности Республики Казахстан»

Бұйрық · № 19/қе · қабылданған 19.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2015-no-19-ekb-180108/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 6 апреля 2015 года № 19 «Об утверждении Правил осуществления охраны и надзора за лицами, находящимися в следственных изоляторах органов национальной безопасности Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 19/қе ·19.04.2023
19.04.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 6 апреля 2015 года № 19 «Об утверждении Правил осуществления охраны и надзора за лицами, находящимися в следственных изоляторах органов национальной безопасности Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 19/қе · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 6 апреля 2015 года № 19 «Об утверждении Правил осуществления охраны и надзора за лицами, находящимися в следственных изоляторах органов национальной безопасности Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
19/қе
Қабылданған күні
19.04.2023
Көрсетілген редакция
19.04.2023 180108_626330.kaz
Соңғы өзгеріс
19.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032348
ЭКБ идентификаторы
180108
Редакция идентификаторы
180108_626330
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:44

0 «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10988 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 15-тармағының 45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) туралы ереже 15-тармағының 45) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы (бұдан әрі – тергеу изоляторы) күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды (бұдан әрі – күдіктілер мен айыпталушылар) күзету мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.».
1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«2-тарау. Кезекші ауысымдардың қызметті атқаруын ұйымдастыру тәртібі»;
«3-тарау. Тергеу изоляторларындағы қауіпсіздік шаралары, дене күшін, арнайы құралдарды, газ және оқ ататын қаруларды қолдануға негіздемелер»;
«4-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларды айдауылмен алып жүру тәртібі»;
«5-тарау. Шиелініскен күрделі жағдайларда күзету мен қадағалауды қамтамасыз ету тәртібі»;
«6-тарау. Жеке құрамды күшейтілген күзетке ауыстыру»;
«7-тарау. Күзет пен қадағалау, дабыл және байланыс техникалық құралдарын пайдалану».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу изоляторы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері оларға қатысты бөлігінде таныстырылсын.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы