Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 6 апреля 2015 года № 19 «Об утверждении Правил осуществления охраны и надзора за лицами, находящимися в следственных изоляторах органов национальной безопасности Республики Казахстан»

Бұйрық · № 94/қе · қабылданған 24.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2015-no-19-ekb-229296/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 6 апреля 2015 года № 19 «Об утверждении Правил осуществления охраны и надзора за лицами, находящимися в следственных изоляторах органов национальной безопасности Республики Казахстан» Күшіне енбеген 24.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 6 апреля 2015 года № 19 «Об утверждении Правил осуществления охраны и надзора за лицами, находящимися в следственных изоляторах органов национальной безопасности Республики Казахстан»

Күшіне енбеген Бұйрық № 94/қе 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 6 апреля 2015 года № 19 «Об утверждении Правил осуществления охраны и надзора за лицами, находящимися в следственных изоляторах органов национальной безопасности Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
94/қе
Қабылданған күні
24.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
07.09.2026
Көрсетілген редакция
24.08.2026 I229296_0.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039682
ЭКБ идентификаторы
229296
Редакция идентификаторы
I229296_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
28.08.2026 03:30
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі
№ 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10988 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларында:
1-1 тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) арнайы автокөлік бейнетіркегіші (бұдан әрі – бейнетіркегіш) – күзетте ұсталатын адамдарды айдауылдауға және этаппен жіберуге арналған арнайы автомобильде аудиобейнежазбаларды жүзеге асыру үшін арналған техникалық құрал;
«2) портативті алып жүретін бейнетіркегіш (бұдан әрі – бейнежетон) –күзетте ұсталатын адамдарды күзету мен қадағалауға тартылған тергеу изоляторы қызметкерлерінің, тергеу изоляторы басшылығының және оған уәкілетті адамдардың күдіктілер мен айыпталушыларды жеке қабылдауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ тергеу изоляторының медицина қызметкері медициналық тексеру өткізу және медициналық көмек көрсету барысында аудиобейнежазбаны жүзеге асыру үшін арналған техникалық құрал.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Күдіктілер мен айыпталушыларға сотқа дейінгі тергеуді жүргізуші адамның келуі, туысқандары мен өзге адамдардың онымен кездесуі қылмыстық істі өндіруші адамның немесе органның жазбаша рұқсатымен беріледі.
Ұлттық алдын алу тетігінің (бұдан әрі – ҰААТ) қатысушылары Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің шешімімен немесе онымен бекітілген жоспар бойынша тергеу изоляторында болады.
ҰААТ қатысушысының алдын ала болуға өкілеттілігін растайтын құжат Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл беретін ҰААТ қатысушысының куәлігі болып табылады.»;
139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«139. Әрбір бейнежетонға, бейнетіркегішке, соның ішінде бейнежетонның, бейнетіркегіштің ақпарат тасымалдағышына (бұдан әрі – жады картасы) құрылғыны беру, қабылдау және цифрлық деректерді түсіру кезінде жұмыста есепке алу үшін түгендеу нөмірі беріледі.».

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу изоляторы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының комитетінің тергеу изоляторларының қызметіне жетекшілік ететін бағыттаушы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.