О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 6 августа 2015 года № 237/8 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 6 августа 2015 года № 237/8 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 237/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23/1
- Қабылданған күні
- 02.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 03.12.2020 99627_496358.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16P0004940
- ЭКБ идентификаторы
- 99627
- Редакция идентификаторы
- 99627_496358
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:41
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 6 тамыздағы
«Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»
№ 237/8 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 237/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4702 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қыркүйектегі «Звезда Прииртышья», «Сарыарқа самалы» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулыда, мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің тақырыбында және барлық мәтіні бойынша «Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» сөздері «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» сөздеріне ауыстырылсын.
2 2. «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.