О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 6 марта 2015 года № С-35/4 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Кокшетау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 6 марта 2015 года № С-35/4 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Кокшетау»
- Атауы (қаз.)
- Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 6 наурыздағы № С-35/4 «Көкшетау қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- С-5/9
- Қабылданған күні
- 29.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2023 185774_650934.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23BA861603
- ЭКБ идентификаторы
- 185774
- Редакция идентификаторы
- 185774_650934
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:03
0 Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 6 наурыздағы № С-35/4 «Көкшетау қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2015 жылғы 6 наурыздағы № С-35/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4729 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға ай сайын үш айлық есептік көрсеткішке тең.».