Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 января 2015 года № 4 «Об утверждении форм уведомлений и Правил приема уведомлений государственными органами, а также об определении государственных органов, осуществляющих прием уведомлений»

Бұйрық · № 25 · қабылданған 20.02.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2015-no-4-ekb-178782/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 января 2015 года № 4 «Об утверждении форм уведомлений и Правил приема уведомлений государственными органами, а также об определении государственных органов, осуществляющих прием уведомлений» Қолданыста Бұйрық ·№ 25 ·20.02.2023
20.02.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 января 2015 года № 4 «Об утверждении форм уведомлений и Правил приема уведомлений государственными органами, а также об определении государственных органов, осуществляющих прием уведомлений»

Қолданыста Бұйрық ·№ 25 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 января 2015 года № 4 «Об утверждении форм уведомлений и Правил приема уведомлений государственными органами, а также об определении государственных органов, осуществляющих прием уведомлений»
Атауы (қаз.)
«Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
25
Қабылданған күні
20.02.2023
Көрсетілген редакция
20.02.2023 178782_619902.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031945
ЭКБ идентификаторы
178782
Редакция идентификаторы
178782_619902
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:21

0 «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) мынадай өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметті немесе белгілі бір іс-қимылдарды жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарламаның нысаны;
4) осы бұйрыққа 3-1-қосымшаға сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
5) осы бұйрыққа 3-2-қосымшаға сәйкес жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
6) осы бұйрыққа 3-3-қосымшаға сәйкес энергетикалық сараптама жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
7) осы бұйрыққа 3-5-қосымшаға сәйкес дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарламаның нысаны;
8) осы бұйрыққа 3-6-қосымшаға сәйкес бензин (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіру, бензинді (авиациялықтан басқа), газохол, бензанол, Нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспалары, экологиялық отын, дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның нысаны;
9) осы бұйрыққа 3-7-қосымшаға сәйкес темекі өнімдерін көтерме саудада өткізу жөніндегі жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның нысаны;
10) осы бұйрыққа 3-8-қосымшаға сәйкес жекелеген қызмет түрлері – ойын бизнесін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның нысаны;
11) осы бұйрыққа 3-10-қосымшаға сәйкес жекелеген қызмет түрлері – электрондық тауарлар саудасын жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның нысаны;
12) осы бұйрыққа 3-11-қосымшаға сәйкес радиоэлектрондық құралдарды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
13) осы бұйрыққа 3-12-қосымшаға сәйкес жоғары жиілікті құрылғыны пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
14) осы бұйрыққа 3-13-қосымшаға сәйкес радиоәуесқойлық қызметтер үшін радиоэлектрондық құралдарды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
15) осы бұйрыққа 3-14-қосымшаға сәйкес телефон арнасының радиоұзартқышын пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
16) осы бұйрыққа 3-15-қосымшаға сәйкес цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
17) осы бұйрыққа 3-16-қосымшаға сәйкес аэротүсірілім жұмыстарын жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
18) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі;
19) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның нысаны;
20) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау, қауіпсіз қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
21) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияның нысаны бекітілсін.»;
3-16-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесінде:
2 жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық немесе аудандық аумақтық инспекциялары
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша аумақтық инспекциялары
Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама
»;
5 жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Интервенциялық емес клиникалық зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері
Медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері
Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқыту жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объект қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарлама
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қызметінің басталғаны туралы хабарлама
»;
7 жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары
Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама
Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама
Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Әкімші (уақытша әкімші, оңалту, уақытша және банкроттық басқарушылар) қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
»;
11 жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
11
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті
Цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті
Геодезиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Картография жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Аэротүсірілім жұмыстарын жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық органдары
Радиоэлектрондық құралдарды пайдалануды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама
Жоғары жиілікті құрылғыны пайдалануды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама
»;
13 жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
13
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Метеорологиялық мониторинг жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау, қауіпсіз қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Зоологиялық коллекцияны жасау туралы хабарлама
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
»;
келесі мазмұнды 16-1 жол қосылсын:
«
16-1
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын тұлға қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
»;

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржылық могиторинг агенттігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

1 Аэротүсірілім жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2023 жылғы 20 ақпандағы № 25
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 4 бұйрығына
3-16-қосымша
Нысан
Аэротүсірілім жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

1 1.__________________________________________________________________________

(мемлекеттік органның толық атауы)

2 2. Осымен ___________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлғаның
жеке сәйкестендіру нөмірі)
төмендегілер жөнінде хабарлайды:
__________ аэротүсірілім жұмыстарын жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлайды.
__________ аэротүсірілім жұмыстарын жүзеге асырудың тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

3 3. Заңды тұлғаның орналасқан мекен-жайы _______________________________________

__________________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(станционарлық үй-жай) нөмірі)

4 4. Электрондық пошта ___________________________________________________________

5 5. Телефондар __________________________________________________________________

6 6. Факс ________________________________________________________________________

7 7. Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (-лары) _______________________________________

___________________________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ ғимараттың
(стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

8 8. Хабарламаға аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу жоспарланатын аумақтың географиялық координаттарын, масштабын және аэротүсірілім жұмыстарының тапсырыс берушісін көрсете отырып, аумақтың картограммасын қоса бер қоса беріледі.

9 9. Аэротүсірілім жұмыстарын жүзеге асыру ___________ (уақыты мен күні) басталатын болады.

10 10. Аэротүсірілім жұмыстары жүзеге асыру ___________ (уақыты мен күні) тоқтатылатын болады.

Аталған хабарламаны бере отырып, өтініш беруші:
барлық көрсетілген деректер ресми деректер болып табылатынын және қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мәселелері бойынша кез келген ақпарат жолдануы мүмкіндігін;
өтініш берушіге мәлімделген қызмет түрімен немесе жекелеген іс-қимылмен айналысуға сот тыйым салмайтынын;
барлық қоса берілетін құжаттар шындыққа сәйкес келетінін және жарамды болып табылатынын;
өтініш беруші аэротүсірілім жұмыстарын жүзеге асыруды бастағанға дейін және одан кейін орындау үшін міндетті Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ететінін растайды.

11 11. Өтініш беруші __________ ______________________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны берілген күні мен уақыты:
(болған жағдайда) 20__ жылғы ________

Қолданыстағы