Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 января 2015 года № 4 «Об утверждении форм уведомлений и Правил приема уведомлений государственными органами, а также об определении государственных органов, осуществляющих прием уведомлений»

Бұйрық · № 161 · қабылданған 15.09.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2015-no-4-ekb-186222/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 января 2015 года № 4 «Об утверждении форм уведомлений и Правил приема уведомлений государственными органами, а также об определении государственных органов, осуществляющих прием уведомлений» Қолданыста Бұйрық ·№ 161 ·15.09.2023
15.09.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 января 2015 года № 4 «Об утверждении форм уведомлений и Правил приема уведомлений государственными органами, а также об определении государственных органов, осуществляющих прием уведомлений»

Қолданыста Бұйрық ·№ 161 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 января 2015 года № 4 «Об утверждении форм уведомлений и Правил приема уведомлений государственными органами, а также об определении государственных органов, осуществляющих прием уведомлений»
Атауы (қаз.)
«Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
161
Қабылданған күні
15.09.2023
Көрсетілген редакция
15.09.2023 186222_656145.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033430
ЭКБ идентификаторы
186222
Редакция идентификаторы
186222_656145
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:47

0 «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4

бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) осы бұйрыққа 3-17-қосымшаға сәйкес көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-17-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесінде:
12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
12
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары
Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
».

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 161 бұйрығымен
бекітілген/
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4
бұйрығына 3-17-қосымша
Нысан
Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу
ұйымдары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны
туралы хабарлама
1._____________________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)

2. Осымен ______________________________________________________
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, экономикалық
қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономикалық қызмет түрінің коды)
мыналар:
көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары қызметінің
басталғаны _________________________________________________
көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары қызметінің тоқтатылғаны ______________________________________________
мыналардың:
заңды тұлғаның орналасқан орнының _______________________________
жеке тұлғаның заңды мекенжайының _______________________________
(тиісті жолда Х белгісі қойылады)
хабарламада көрсетілген деректердің* ______________________________ өзгергені туралы хабарлайды
3. Заңды тұлғаның орналасқан орнының мекенжайы ___________________
____________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
4. Интернет-ресурс мекенжайы (болған жағдайда) _____________________
Ескертпе:
Хабарламада көрсетілген тіркеу деректері өзгерген кезде толтырылады. Осы жолда заңды тұлғаның бұрынғы толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономикалық қызмет түрінің коды көрсетіледі.
5. Электрондық пошта ____________________________________________
6. Телефондар ___________________________________________________
7. Факс _________________________________________________________
8. Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) _________________________
____________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
9. Қызметті немесе белгілі бір іс-қимылдарды жүзеге асыру ____________
____________________________________________________________________
(уақыты және күні) басталады
10. Қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыру ______________
____________________________________________________________________
(уақыты және күні) тоқтатылады
Осы хабарламаны бере отырып, өтінім беруші төмендегілерді қамтамасыз етеді:
көрсетілген барлық деректер ресми болып табылады және оларға қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мәселелері бойынша кез келген ақпарат бағытталуы мүмкін;
өтінім берушіге мәлімделген қызмет түрімен немесе жекелеген іс-қимылдармен айналысуға сот тыйым салмаған;
барлық қоса берілген құжаттар түпнұсқаларға сәйкес келеді және жарамды болып табылады;
өтініш беруші Қазақстан Республикасында жол қозғалысының жұмыс істеуіне және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
Ескертпе:
бұл жол егер Қазақстан Республикасының заңдарында хабарлама беру кезінде қызметті немесе іс-қимылдарды жүзеге асыруды тоқтату уақыты және күні туралы ақпарат ұсыну белгіленген жағдайда ғана толтырылады.
11. Өтінім беруші ________________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі
Мөрдің орны (болған жағдайда)
Беру күні және уақыты: 20__ жылғы «__» ______ «__» сағат «__» минут.
12. Тұлға хабарламаны сенімхат бойынша берген жағдайда:
Сенім білдірілген тұлға ________________________________________________
(аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (қолы)
Сенімхаттың нөмірі және күні
Берілген күні және уақыты: 20__ жылғы «__» ______ «__» сағат «___» минут.

Қолданыстағы