Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 6 октября 2015 года № 78 «Об утверждении Положения о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по городу Нур-Султану»

Бұйрық · № 95/қе · қабылданған 19.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2015-no-78-ekb-175660/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 6 октября 2015 года № 78 «Об утверждении Положения о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по городу Нур-Султану» Қолданыста Бұйрық ·№ 95/қе ·19.12.2022
19.12.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 6 октября 2015 года № 78 «Об утверждении Положения о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по городу Нур-Султану»

Қолданыста Бұйрық ·№ 95/қе · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 6 октября 2015 года № 78 «Об утверждении Положения о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по городу Нур-Султану»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 78 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
95/қе
Қабылданған күні
19.12.2022
Көрсетілген редакция
19.12.2022 175660_610760.kaz
Соңғы өзгеріс
19.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22KN000095
ЭКБ идентификаторы
175660
Редакция идентификаторы
175660_610760
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:57

0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 78 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12265 болып тіркелген):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ереже бекітілсін.»;
аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ереже»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) мынадай: барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі, терроризм актілерінің және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке қауіп төндіретін өзге де аса қауіпті қылмыстардың жолын кесу, мемлекеттік құпияларды қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) аумақтық органы болып табылады және Астана қаласының аумағында мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша уәкілетті орган.»;
7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.
Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Алматы аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Алматы ауданы;
2) Есіл аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Есіл ауданы;
3) Сарыарқа аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Сарыарқа ауданы;
4) Байқоңыр аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Байқоңыр ауданы.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Әліби Жангелдин көшесі, 21.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
13-тармақта 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Астана қаласы аумағындағы терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру;»;
14-тармақ 2) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана қаласының аумағында шет мемлекеттер өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа құзыретті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып шаралар қабылдау;»;
15-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) терроризмге және экстремизмге, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған өзге де іс-әрекетке қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру, мемлекеттік органдардың терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл салаларындағы қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, Астана қаласының аумағында терроризмге қарсы операциялар жүргізуді ұйымдастыру;»;
16) мен 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) Астана қаласының аумағында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің жүзеге асырылуын бақылау;
17) басқа құзыретті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Астана қаласының аумағында шет мемлекеттердің өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;»;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) Астана қаласының аумағында террористік қатерлерді талдауды және болжауды жүзеге асыру;»;
38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«38) Астана қаласының аумағында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесінің орындалуын бақылау;».

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарын бір айлық мерзімде хабардар етсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы