О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 6 октября 2015 года № 78 «Об утверждении Положения о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по городу Астане»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 6 октября 2015 года № 78 «Об утверждении Положения о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по городу Астане»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 78 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 883/нс-па
- Қабылданған күні
- 16.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 16.10.2024 202103_726038.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24KN000883
- ЭКБ идентификаторы
- 202103
- Редакция идентификаторы
- 202103_726038
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:10
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы №78 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы №78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12265 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ережеде:
14-тармағының 1) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы отыз төртінші, отыз бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«Департаменттің қызметкерлеріне арнаулы тексеру жүргізу;
Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті негізде штаттан тыс жедел қызметкерлер ретінде тарту.».
14-тармағының 2) тармақшасында:
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;»;
он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттiк қызметке алғаш рет немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейiн оған қайта кіретін, сондай-ақ судья, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын авиация инспекторы лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, шекте және тәртіппен міндетті арнаулы тексеру жүргізу;»;
жиырма екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Департаменттің жедел-қызметтік іс-қимылын психологиялық-əлеуметтанулық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші абзацтармен толықтырылсын:
«хабарланған алдын ала ескертулерді есепке алуды жүргізу;
Департаментте кадрлық құрамды патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбиелеуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты жүзеге асыру;
Департаментте жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру жəне атқару;
Департаментте жауынгерлік қызметті ұйымдастыру және атқару;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен ҰҚК Төрағасының актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.».
2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.