Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 6 октября 2015 года №309 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области животного мира»

Қаулы · № 152 · қабылданған 02.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2015-no309/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 6 октября 2015 года №309 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области животного мира» Күшін жойған Қаулы ·№ 152 ·02.06.2016
11.02.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 6 октября 2015 года №309 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области животного мира»

Күшін жойған Қаулы ·№ 152 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 6 октября 2015 года №309 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области животного мира»
Атауы (қаз.)
«Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы №309 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
152
Қабылданған күні
02.06.2016
Көрсетілген редакция
11.02.2021 103839_509191.kaz
Соңғы өзгеріс
11.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16U0003768
ЭКБ идентификаторы
103839
Редакция идентификаторы
103839_509191
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:56

0 «Жануарлар дүниесі саласындағы

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы»
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 6 қазандағы №309 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы №309 «Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3432 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 желтоқсандағы «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттiк көрсетілетін қызметінің регламенті деген 1-қосымшасында:
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
көрсетілген қаулының «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» деген 2-қосымшасында:
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау».

2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.Қ.Бөкенбаевқа жүктелсін.

Д.А.Сатыбалды
Е.Ә.Садыр
Ұ.С.Сәдібеков
С.Қ.Тұяқбаев
К.Н.Мендебаев

Қолданыстағы