Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 6 октября 2015 года №310 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий»

Қаулы · № 148 · қабылданған 02.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2015-no310/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 6 октября 2015 года №310 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий» Күшін жойған Қаулы ·№ 148 ·02.06.2016
27.11.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 6 октября 2015 года №310 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий»

Күшін жойған Қаулы ·№ 148 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 6 октября 2015 года №310 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий»
Атауы (қаз.)
«Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы №310 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
148
Қабылданған күні
02.06.2016
Көрсетілген редакция
27.11.2017 103811_266467.kaz
Соңғы өзгеріс
27.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16U0003766
ЭКБ идентификаторы
103811
Редакция идентификаторы
103811_266467
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:56

0 «Орман шаруашылығы және

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласындағы мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер регламенттерін бекіту туралы»
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 6 қазандағы № 310 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2 тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы №310 «Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3433 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 желтоқсандағы «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметінің регламенті» деген 1-қосымшасында:
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
көрсетілген қаулының «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметінің регламенті» деген 2-қосымшасында:
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
көрсетілген қаулының «Орман ресурстары, сауықтыру, рекреациалық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс обьектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметінің регламенті» деген 3-қосымшасында:
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау».

2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.Қ.Бөкенбаевқа жүктелсін.

Д.А.Сатыбалды
Е.Ә.Садыр
Ұ.С.Сәдібеков
С.Қ.Тұяқбаев
К.Н.Мендебаев

Қолданыстағы