Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата от 6 апреля 2016 года № 136 «Об определении перечня должностей специалистов в области образования, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қаулы · № 42 · қабылданған 14.02.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2016-no-136/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата от 6 апреля 2016 года № 136 «Об определении перечня должностей специалистов в области образования, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Күшін жойған Қаулы ·№ 42 ·14.02.2020
31.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата от 6 апреля 2016 года № 136 «Об определении перечня должностей специалистов в области образования, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Күшін жойған Қаулы ·№ 42 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата от 6 апреля 2016 года № 136 «Об определении перечня должностей специалистов в области образования, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 136 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
42
Қабылданған күні
14.02.2020
Көрсетілген редакция
31.03.2021 139898_517539.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20ND008991
ЭКБ идентификаторы
139898
Редакция идентификаторы
139898_517539
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:01

0 Әкімдіктің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 136 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13181 болып тіркелген) сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Лисаков қаласы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 136 қаулысына (2016 жылғы 2 маусымда «Лисаковская новь» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6354 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Әкімдіктің
2020 жылғы 14 ақпандағы
№ 42 қаулысына
қосымша
Әкімдіктің
2016 жылғы 6 сәуірдегі
№ 136 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) облыстық маңызы бар қала мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының: шағын жинақталған мектептің басшысы;

2 2) облыстық маңызы бар қала мемлекеттік мекемесі мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының: шағын жинақты мектеп басшысының орынбасары;

3 3) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері;

4 4) қосымша білім беретін педагог;

5 5)  бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі;

6 6) тәлімгер;

7 7) кітапханашы;

8 8) тәрбиелеуші;

9 9) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

10 10) дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің);

11 11) әлеуметтік педагог;

12 12) мейірбике (мейіргер).

Қолданыстағы