Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 6 июня 2016 года № 155 «Об утверждении регламента государственной услуги «Согласование эскиза (эскизного проекта)»

Қаулы · № 323 · қабылданған 23.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2016-no-155/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 6 июня 2016 года № 155 «Об утверждении регламента государственной услуги «Согласование эскиза (эскизного проекта)» Күшін жойған Қаулы ·№ 323 ·23.11.2017
30.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 6 июня 2016 года № 155 «Об утверждении регламента государственной услуги «Согласование эскиза (эскизного проекта)»

Күшін жойған Қаулы ·№ 323 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 6 июня 2016 года № 155 «Об утверждении регламента государственной услуги «Согласование эскиза (эскизного проекта)»
Атауы (қаз.)
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 155 «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
323
Қабылданған күні
23.11.2017
Көрсетілген редакция
30.06.2020 117233_472008.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17U0004315
ЭКБ идентификаторы
117233
Редакция идентификаторы
117233_472008
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:11

0 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2016 жылғы 6 маусымдағы № 155
«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін
бекіту туралы» қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы №155 «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3769 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 шілдеде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және 2016 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті» деген қосымшасында:
«1. Жалпы ережелер» деген тарауда:
1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;
«2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау» деген тарауда:
5-тармағының 1), 2), 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен көзделген қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырады;
2) Мемлекеттік корпорацияның жұмысшысы өтінішті тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны жөнінде қолхат береді және қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторына табыстайды. Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторы сол жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияның қағаз тасушы қызметі арқылы жолдайды; көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмысшысы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 10 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркеп, сол жұмыс күні Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшасымен толықтырылсын:
«8) Мемлекеттік корпорацияның жұмысшысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді.»;
4-тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау»;
«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу туралы» көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентінің «Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы» деген қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

4 4) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалдыға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Д.А.Сатыбалды
Е.А.Садыр
Ә.Е.Тұрғымбеков
Ұ.Сәдібеков
Б.С.Жамалов
Т.Қ.Сәрсембаев
А.С.Сәбитов

9 «Эскизді (эскиздік жобаны)

келісуден өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызметінің регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
1
2
3
4
5
6
7
8
Ор­та­лық жұ­мыс­шы­сы
Ор­та­лық жұ­мыс­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­лы­ғы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Ор­та­лық жұ­мыс­шы­сы
Түс­кен өті­ніш­ті тір­кеп, Ор­та­лық­тың жи­нақ­тау бө­лі­мі­нің жұ­мыс­шы­сы­на жол­дай­ды, Ор­та­лық­тың жи­нақ­тау бө­лі­мі­нің жұ­мыс­шы­сы құ­жат­тар­ды қыз­мет бе­ру­ші­ге жол­дай­ды
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Стан­дарт­тың 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген тіз­бе­ге сәй­кес құ­жат­тар­дың топ­та­ма­сын то­лық ұсын­ба­ған жағ­дай­да, өті­ніш­ті қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы қол­хат бе­ре­ді
Түс­кен құ­жат­тар­ды тір­кеп, 10 ми­нут ішін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бас­шы­лы­ғы­ның қа­ра­уы­на жол­дай­ды
Құ­жат­тар­ды қа­рап болған соң 30-ми­нут ішін­де жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны ай­қын­дай­ды
Бар­лық қа­жет­ті құ­жат­тар­ды тек­се­ріп, Стан­дарт­тың 4-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген мер­зім­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін ре­сім­деп, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бас­шы­лы­ғы­ның қол қо­юы­на жол­дай­ды
Жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды
10 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркеп, сол жұмыс күні Орталыққа жолдайды
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін бе­ре­ді

Қолданыстағы