Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 6 октября 2016 года № 232 «Об утверждении Методики по формированию показателей статистики научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ и инноваций»

Бұйрық · № 43 · қабылданған 29.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2016-no-232/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 6 октября 2016 года № 232 «Об утверждении Методики по формированию показателей статистики научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ и инноваций» Қолданыста Бұйрық ·№ 43 ·29.12.2022
29.12.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 6 октября 2016 года № 232 «Об утверждении Методики по формированию показателей статистики научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ и инноваций»

Қолданыста Бұйрық ·№ 43 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 6 октября 2016 года № 232 «Об утверждении Методики по формированию показателей статистики научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ и инноваций»
Атауы (қаз.)
«Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен инновациялар статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 6 қазандағы № 232 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
43
Қабылданған күні
29.12.2022
Көрсетілген редакция
29.12.2022 176608_613596.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200031503
ЭКБ идентификаторы
176608
Редакция идентификаторы
176608_613596
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:07

0

«Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен инновациялар статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 6 қазандағы № 232 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен инновациялар статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 6 қазандағы № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен инновациялар статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемеде:
4-тармақтың 4), 6), 8), 9) және 10) тармақшалары алып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. ҒЗТКЖ-ға жұмсалған шығындарды қаржыландыру көздері.
Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджеттен ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру мынадай нысандарда жүзеге асырылады: базалық қаржыландыру, гранттық қаржыландыру, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру.»;
17-тармақ алып тасталсын;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Ғылыми қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарға зерттеу жүргізу кезінде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар статистикалық бірліктер ретінде қызмет атқарады.
ҒЗТКЖ статистикасы саласындағы көрсеткіштерді зерттеу, зерделеу және талдау жылдық зерттеу нәтижелері бойынша қалыптастырылған «панель» негізінде (есепті жылға қатысты келесі жылы ҒЗТКЖ-ны жоспарлағаны туралы сауалға есепті жылы оң жауап қайтарған кәсіпорындар бойынша) жасалады. Бұл «панельді» алу үшін ғылым статистикасы бойынша статистикалық нысанға респондент келесі жылы ҒЗТКЖ-ны өткізуді жоспарлағаны туралы ақпаратты көрсететін сұрақ енгізілді.»;
20-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
22-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
25-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«ҒЗТКЖ-дағы техникалық персонал – бұл қызметтік міндеттері техниканың бір немесе бірнеше саласында жаратылыстану, әлеуметтік немесе гуманитарлық ғылымдар салаларында техникалық білім мен тәжірибені қажет ететін қызметкерлер. Олар, әдетте, ғылыми қызметкерлердің басқаруымен ғылыми және техникалық тапсырмаларды орындай отырып ҒЗТКЖ-ға қатысады.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Фирманың инновациялық мәртебесі оның инновациялық қызметке қатысуы және деректерді жинау барысында байқау кезеңінде бір немесе бірнеше инновацияны енгізу негізінде анықталады.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Инновациялық кәсіпорындар жүзеге асырылған инновациялардың типтері бойынша бөлінеді: өнімдік инновациялар және бизнес-процестер инновациялары.
Өнімдік инновация бұл фирманың нарыққа шығарылған алдыңғы тауарларынан немесе қызметтерінен айтарлықтай ерекшеленетін жаңа немесе жетілдірілген тауар немесе қызмет, ал бизнес-процестер инновациясы бұл тиімді және сұранысқа ие өнім алуды және бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз ететін бір немесе одан көп бизнес-функциялары үшін жаңа немесе жетілдірілген бизнес-процесс.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Инновациялар статистикасы бойынша негізгі көрсеткіштерге:
1) инновациясы бар кәсіпорындар саны;
2) инновация саласындағы белсенділік деңгейі;
3) инновациялық өнім көлемі;
4) сатылған инновациялық өнімнің көлемі;
5) қаржыландыру көздері бойынша инновацияларға шығындар жатады.»;
41 және 42-тармақтар алып тасталсын;
3-тарауда:
3-параграф алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы