Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 6 июня 2016 года № 32 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»

Ереже · № 316 · қабылданған 18.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2016-no-32-ekb-130723/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 6 июня 2016 года № 32 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи» Күшін жойған Ереже ·№ 316 ·18.04.2019
19.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 6 июня 2016 года № 32 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»

Күшін жойған Ереже ·№ 316 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 6 июня 2016 года № 32 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2016 жылғы 6 маусымдағы № 32 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
316
Қабылданған күні
18.04.2019
Көрсетілген редакция
19.04.2024 130723_698330.kaz
Соңғы өзгеріс
19.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NM008364
ЭКБ идентификаторы
130723
Редакция идентификаторы
130723_698330
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:18

0 Мәслихаттың 2016 жылғы 6 маусымдағы № 32 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2016 жылғы 6 маусымдағы № 32 шешіміне (2016 жылғы 12 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6503 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) тоқсанына бір рет тағайындайды.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы балама негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Стандарттың 4-тармағында көзделген мерзімде ұсынады.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы