О внесении изменения в решение Карасуского районного маслихата от 6 июня 2016 года № 32 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Карасуского районного маслихата от 6 июня 2016 года № 32 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи»
- Атауы (қаз.)
- Қарасу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 6 маусымдағы № 32 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 140
- Қабылданған күні
- 16.06.2022
- Көрсетілген редакция
- 19.04.2024 169551_698320.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22NM028608
- ЭКБ идентификаторы
- 169551
- Редакция идентификаторы
- 169551_698320
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:24
0 Қарасу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 6 маусымдағы № 32 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қарасу аудандық мәслихатының «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2016 жылғы 6 маусымдағы № 32 шешіміне (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 6503 болып тiркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшаның 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қарасу ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
2) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.
Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.».