Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 6 февраля 2017 года № 10-82 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Зерендинском районе»

Өзге акт · № 12-105 · қабылданған 25.04.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2017-no-10-82/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 6 февраля 2017 года № 10-82 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Зерендинском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 12-105 ·25.04.2017
11.10.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 6 февраля 2017 года № 10-82 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Зерендинском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 12-105 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 6 февраля 2017 года № 10-82 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Зерендинском районе»
Атауы (қаз.)
Зеренді аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 6 ақпандағы № 10-82 «Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
12-105
Қабылданған күні
25.04.2017
Көрсетілген редакция
11.10.2018 112075_367372.kaz
Соңғы өзгеріс
11.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17BN005939
ЭКБ идентификаторы
112075
Редакция идентификаторы
112075_367372
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:18

0 Зеренді аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 6 ақпандағы № 10-82 «Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген) сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Зеренді аудандық мәслихаттың «Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2017 жылғы 6 ақпандағы № 10-82 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5753 тіркелген, 2017 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
қосымшада 2 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

2 «2. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:

жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоннеттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 11 пайыз мөлшерінде белгіленеді.»;
қосымшада 8 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«8. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Зеренді ауданының әкімі
А. Мұратұлы
2017 жылғы «25» сәуір

Қолданыстағы